Баспасөз хабарламалары

23 маусым 2017
43

«Самұрық-Қазына» АҚ бір жылдың ішінде әлемдегі тәуелсіз қорлар арасында активтерінің құны бойынша рейтингтің бес тармағына көтерілді

XIV Еуразиялық Медиа Форум (ЕМФ) аясында «Самұрық-Қазына» АҚ (әрі қарай – Қор) «Әлемнің жетекші қорларының көрсеткіштеріне сай «Самұрық-Қазына» тиімділікті көтеру бойынша қызметі» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатының спикерлері - «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия және активтер қоржынын басқару жөніндегі басқарушы директоры Балжит Гревал, «Самұрық-Қазына» АҚ құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Ғани Битенов және Халықаралық тәуелсіз қорлар форумының (IFSWF) стратегия және коммуникациялар жөніндегі директоры Виктория Барбари.


Балжит Гревал «Самұрық-Қазына» АҚ үш негізгі мақсатына (қоржындық компаниялардың құнын арттыру, ел экономикасын жаңғырту және тұрақты даму) жету жолында Қорда қолға алынған алты стратегиялық бастама туралы баяндады.

«Самұрық-Қазына» әлемдік деңгейдегі қорға айналуға ұмтылады. Sovereign Wealth Fund Institute есебі бойынша құны 67,4 млрд АҚШ долларына жететін активтерді иеленуші «Самұрық-Қазына» АҚ әлемнің 30 ірі тәуелсіз қорының қатарында. Тиімділіктің тағы бір маңызды көрсеткіші -  ROE – капиталға қайтарым бойынша қазір біз ірі әлемдік қорлардан ілгеріміз және ары қарай да қаржылық көрсеткіштерімізді жақсартамыз», - деді Балжит Гревал. 

2014 жылдан бері «Самұрық-Қазына» АҚ Халықаралық тәуелсіз қорлар форумының (IFSWF) мүшесі болып табылады. IFSWF мүшелері құқықтық және институционалдық қызмет аясын, сондай-ақ инвестициялар мен тәуекелдерді басқару құрылымын анықтайтын 24 принципті (Сантьяго принциптері) негізге алады. Сантьяго ұстанымдарын орындау арқылы халықаралық қаржылық нарықтарға тәуелсіз әл-ауқат қорларындағы жұмыстың дұрыс атқарылып жатқанын, ал инвестициялардың орынды экономикалық және қаржылық шарттарға сәйкес жүзеге асырылғанын көрсету көзделген.  


 «Самұрық-Қазына» қорының қызметі Сантьяго принциптерінің көбіне сай келеді. Әсіресе жариялықты қамтамасыз ету тұрғысынан. Сонымен қатар, 2017 жылдың І тоқсанында «Самұрық-Қазына» тәуелсіз әл-ауқат қорларының ішінде Linaburg-Maduell Transparency Index жариялық рейтингінде ең жоғарғы 10 ұпайды иеленді. Бұл беделді рейтинг көрсеткіштеріне сүйеніп, қаржылық институттар мен тәуелсіз қорлардың өзге стейкхолдерлері (мүдделі тұлғалары) осы қорлардың нарық үшін қаншалықты ашық әрі жариялы екеніне көз жеткізеді», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Ғани Битенов.

Халықаралық тәуелсіз әл-ауқат қорларының форумы (IFSWF) –құны 3,5 трлн АҚШ долларын активтерін басқаратын 31 елдің 32 қоры енетін ұйым. «Самұрық-Қазына» АҚ ағымдағы жылдың 5-7 қыркүйек күндері ұйымның жыл сайынғы отырысын Астанада ұйымдастырады. Алдағы форум тақырыбы: «Exploring new frontiers» («Нарықтардың жаңа белестерін зерттеу жолында»). Қазақстан елордасында тәуелсіз қорлардың басшылары тұрақсыз әлем нарықтарында активтерді үйлестіру және тәуекелдерді басқару мәселелерін, тәуелсіз қорлар үшін ғаламдық инвестициялардың бес жылдық жоспары және сандық экономиканың басты көріністерін талқылайды. Сонымен қатар қонақтардың назарына Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылады.


IFSWF стратегия және коммуникациялар жөніндегі директоры Виктория Барбари алдағы Тәуелсіз Қорлар Форумының отырысы жайында айтып берді. «Форум отырыстарын жыл сайын өткізудің мақсаты – ең өзекті мәселелерді талқылап, мақсат-міндеттерді шешудің қолданбалы тәсілдері іздестіру. Шара аясында ұйым мүшелері ғана қатысатын жабық кездесулер мен қонақтар және БАҚ өкілдері шақырылатын ашық панельдік сессиялар өтеді. Қазақстандық тілшілер үшін әлемнің тәуелсіз әл-ауқат қорларының басшыларына өз сауалдарын жолдауға мүмкіндік бар», - деді Виктория Барбари.

Журналистер IFSWF жиынына 6 қыркүйек, 15:00-ден бастап қатыса алады. 



барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz