Баспасөз хабарламалары

12 маусым 2017
9

EҚДБ және «Самұрық-Қазына» АҚ «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ кеңейту арқылы Қазақстанның тау-кен секторының инклюзивті дамуына септігін тигізбек

ЕҚДБ Қызылорда облысында әйелдер мен жастарды жаңа жұмыс орындарымен қамту мақсатында 350 млн АҚШ доллары көлемінде бірлестірілген несие береді.
Еуропалық қайта құру және даму банкі (әрі қарай – ЕҚДБ) «ШалқияЦинк ЛТД» тау-кен компаниясына 350 млн АҚШ доллары көлемінде бірлестірілген несие береді. Мақсат – Қызылорда облысындағы «Шалқия» қорғасын-мырыш өндіретін кен орында тау-кен өндірісін кеңейту және нысанда байыту фабрикасын салу.

Несиелік келісім Банктің Қазақстанның шалғай аймақтарының инклюзивті экономикалық дамуын қолдау бойынша стратегиясына сай келеді. Жоба Қызылорда облысының жалпы экономикалық өсімініне және білім беру сапасын көтеруге септігін тигізіп, әйелдер мен жастар үшін жұмыс тұрғысынан жаңа мүмкіндіктерді сыйлайды.

Несиелік келісімге «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ және ЕҚДБ өкілдері Астанада тұрақты энергетиканы дамытуға арналған Expo-2017 халықаралық көрмесі аясында қол қойды.

Бұл ЕҚДБ Қазақстандағы табиғи ресурстар саласында инклюзивті бағытты қамтамасыз ету бойынша жаңа тәсілі шеңберінде алғашқы жоба. Бағдарламаға сәйкес, өнеркәсіп, ЕҚДБ және мемлекеттік органдар тау-кен секторында қазақстандықтардың кәсіби-техникалық біліктілігін көтеру мақсатында бірлесіп жұмыс істейді. «Шалқия» кен орнын дамыту және аталмыш бағыт бойынша өзге жобаларды жүзеге асыру есебінен техникалық білім сапасын жақсарту және осы секторда еңбек нарығында әйелдердің тең құқықтарын қамтамасыз ету үшін нормативтік-құқықтық кедергілерді жою көзделуде. Өйткені тау-кен саласы шалғай аймақтарында негізгі табыс көзі болып табылады.

Жоба мақсаты – үздік әлем тәжірибесін енгізу мен тұрақтылық мәселелерін шешу, Қазақстандағы тау-кен секторының технологиялық дамуын қолдау және жасыл экономикаға көшу.

«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ қоржындық компаниясы «Тау-Кен Самұрық» АҚ тиесілі.

Банк қолдауымен жоба Қазастан Үкіметінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жекешелендіру бағдарламасы шеңберінде нысанды ықтималды сатуға даярлыққа да үлес қосуы мүмкін. ЕҚДБ осы бастаманы қолдап, бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асырып үлгерді.

«Бұл «Самұрық-Қазына» және ЕҚДБ табысты серіктестігінің айқын дәлелі, - деп атап өтті Нандита Паршад, ЕҚДБ Энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі басқарушы директоры, - Бірлескен жұмыс пен тәжірибеміз есебінен «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ ойдағыдай жекешелендіруге болады. Біз жобаның аймақтың дамуына игілікті әсерін күтеміз, әсіресе жаңа жұмыс орындарын құру және осы секторда әйелдерге жаңа мүмкіндіктері беру тұрғысынан».

«Әлемдегі қорғасын-мырыш өндіретін ең ірі кен орындарының бірі болып табылатын «Шалқия» кен орнын өндіру Қазақстанның жаңа индустрияландыру бағдарламасымен жүзеге асыруға зор үлес қосуы тиіс. Бүгінде кәсіпорында 500-ден астам жұмыс орны бар, ал негізгі нысандардың құрылысына 1500-ден астам адам атсалысады. ЕҚДБ несиесін алу арқасында «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ және «Тау-Кен Самұрық» АҚ инвестициялық тартымдылығы көтерілмек», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

Қазіргі таңда ЕҚДБ Қазақстан экономикасының әр алуан секторларына шамамен 7.2 млрд еуро (8 млрд АҚШ долларына жуық) салды. Банктің еліміздегі қызметі макроэкономикалық сындарға жауап беретін және халықаралық дәрежеде бәсекеге қабілетті болатын тұрақты әрі әртарапты экономиканы құруға бағытталған.


 


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz