Баспасөз хабарламалары

08 маусым 2017
24

Астанада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің төртінші отырысы өтті

Астанада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің (ҚҚІК) төртінші отырысы өтті. Іс-шара ұйымдастырушылары «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі - Қор), ҚХР Халықаралық саудаға жәрдемдесу комитеті және «CITIC Group» корпорациясы. ҚҚІК жұмысына екі елдің 500-ге жуық мемлекеттік органдарының өкілдері, ірі компаниялары мен қаржы институттары қатысты.   

ҚҚІК қатысушылары үш панельдік сессия аясында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады: «Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастығы», «Ауыл шаруашылығындағы өңдеу және экспорт: жаңа мүмкіндіктер ашу», «Шағын және орта бизнес ынтымақтастығы». Қазақстан мен Қытайдың іскерлік топтарының өкілдері арасында сондай-ақ  B2B форматында екі жақты кездесулер өтті.

«Екі мемлекеттің басшылары Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің алдына үлкен міндеттер қойды. Осы уақыттың ішінде іскерлік кеңес өзінің тиімділігін көрсетіп, диалог және бизнес-алаң ретінде қалыптасты. Қазіргі таңда қазақстандық-қытайлық қоржында жалпы 28 млрд АҚШ долларына жуық сомаға 51 жоба бар. Оның ішінде жүзеге асырылып жатқан 14 жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының үлесіне тиесілі. Біздің бизнес-серіктестік мұнай-газ, химия, энергетикалық, тау-кен металлургиялық, ауыл шаруашылығы, машина жасау секторларына бағытталған», - деп  деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.   

ҚҚІК отырысының қорытындысы бойынша жалпы 7 млрд АҚШ долларына жуық сомасына энергетика, химия өнеркәсібі, металлургия салаларында барлығы 22 коммерциялық және негіздемелік келісімдерге, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ тобының қатысуымен жалпы 4,5 млрд АҚШ доллар сомасына 6 келісімге қол қойылды.  

Атап айтқанда, «Бірлескен химиялық компания» ЖШС  («Самұрық-Қазына» АҚ қоржындық компаниясы) мен Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкі (ҚМДБ) арасында Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағында метанол мен аммиак өндіру, сондай-ақ Жамбыл облысында «Тараз Химиялық паркі» АЭА аумағында күйдіргіш сода өндірісін іске қосу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру туралы келісімдерге қол жеткізілді. Аталған жоба Қазақстанда алғашқы агрохимиялық кластерді дамыту аясында жүзеге асырылуда.      

Бұдан өзге, «Самұрық-Энерго» АҚ мен «HYDROCHINA CORPORATION» қытайлық корпорациясы Алматы облысының Шелек дәлізінде қуаттылығы 60 МВт болатын, 300 МВт дейін кеңейту перспективасымен ЖЭС салу және шағын ГЭС салу бойынша жобаларды іске асыру туралы меморандумдарға қол қойды. Сондай-ақ,  «Самұрық-Энерго» АҚ China Datang Corporation корпорациясымен Ерейментау қаласының ауданындағы жел паркін 45-тен 300 МВт дейін кеңейту бойынша меморандум жасасты.

Сонымен бірге, «Самұрық-Қазына» Қоры мен China Development Bank Corporation, «KAZAKH INVEST» ҰК мен «HUBEI KELISON» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімдер жасалды.

Қытайдың бизнес қауымдастығы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының стратегиялық инвесторы болып табылады. ҚХР Эксимбанкі хош иісті көмірсутектер өндіру кешені, Атырау МӨЗ-дегі мұнайды терең өңдеу кешені құрылысын несиелейді, Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкі газ-химия кешенінің (І кезең, полипропилен өндірісі) құрылысын қаржыландырады. Сондай-ақ, Қор тобы ҚМДБ қатысуымен бірлесіп 2 млрд АҚШ долларынан астам қаржыландыру көлемімен химия саласында бірқатар ірі жобаларды іске асырады.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz