Баспасөз хабарламалары

26 мамыр 2017
15

«Самұрық-Қазына» қорында алдағы уақытта трансформация жобаларын жүзеге асыру аясында қоржындық компаниялардың елеулі рөлі жайында айтылды

«Самұрық-Қазына» АҚ (әрі қарай - Қор) Town Hall Meeting жиынын өткізіп, корпоративтік орталықтағы трансформация қорытындысын шығарды.  Бүгінде Қорда өзгерістерді енгізу бойынша негізгі үрдістерді жүзеге асыру мәресіне жетті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар, қоржындық компаниялардың жетекшілері мен Қор компаниялар тобының тәуелсіз директорлары шақырылды. 


«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Town Hall Meeting жиынын ашу барысында атап өткеніндей, Қордың корпоративтік орталығы трансформация аясында коммерциялық стратегиялық инвестициялық холдингке айналу міндетін абыроймен орындады.

«Негізгі әдістердің барлығы әзірленіп, қолданысқа енгізілді, Қордың құрамы айтарлықтай жаңарды,  2016 жылдың қорытындысы бойынша оңтайлы көрсеткіштер бар. Ендігі кезекте басты міндет қоржындық компанияларға жүктеледі, олардан біз трансформацияның үдемелі жүзеге асыруды және нақтылы нәтижелерді күтеміз», - деді Қор басшысы. 

Өмірзақ Шөкеев қоржындық компанияларға қатысты биылғы болжалдарды да атап көрсетті:

«Баршаңыз ағымдағы жылы белгіленген мақсат-міндеттеріңізді білесіздер: бұл бірыңғай стандарттарды – референстік модельдерді енгізу, сатып алу қызметінің жаңа үлгісіне көшу, жоспарлаудың интеграцияланған жүйесін өнеркәсіпте қолданысқа енгізу – жалпы Қор мен оның алты қоржындық компанияларында 130-ға жуық жоба мен бастама».


«2014 жылы Трансформация бағдарламасын жүзеге асыра бастаған кезде біздің алдымызда тұрған міндет – мемлекеттік активтердің әкімшісі рөлінен арылып, активтер қоржынын тиімді басқаратын және жаңа өндірістерді белсенді дамытатын коммерциялық холдингтік компания моделіне өту. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес әзірленген Корпоративтік басқарудың жаңа кодексі осы өзгерістердің негізі болып табылады. Бүгінде Қор қоржындық компаниялармен жаңаша қарым-қатынас етеді, енді Директорлар кеңестерінің өкілдері және стратегиялық ПӘК (пайдалы әсер коэфициенті) арқылы қосымша құнды қалыптастыруға баса назар аударылады», - деп қосты Қор трансформациясы жобасының жетекшісі Лариса Зямзина.

 

Басқосуда сонымен қатар Қордың бірқатар қоржындық компаниясының басшылары баяндама жасады. Мәселен, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметкерлерді қайта даярлау үшін ашылған Корпоративтік оқыту орталығы, пошта бөлімшелерін жаңғырту, сұрыптау учаскелеріндегі автоматизация және компанияның жаңа қызметтері туралы ақпарат берді.

«Ақша аударымын жеңілдету үшін Sim2Post жүйесі енгізілді, оның арқасында тұтынушылар Beeline операторына ақша аударып, оның содан кейін Қазпоштаның кез келген бөлімшесінде алуға болады», - деді Сәкен Сәрсенов.

2017 жылдың соңына дейін Қазпошта бірнеше қаржы өнімін шығаруды көздейді, соның ішінде – процессинг орталығы, әлеуметтік карта, тұтынушыны тексеру. Әлеуметтік карта инновациялық өнім болып табылады, электрондық чиппен жабдықталған бұл карта есептік ақпараттық төлемақы қосымшаларды қамтиды. Оның көмегімен еліміздің азаматтары үшін зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы мен субсидияларды алып, коммуналдық қызмет үшін төлемақыны және салық төлеуге, сондай-ақ дүкендерде есептесуге мүмкіндік бар.


Қор компаниялары тобының тәуелсіз директорлары да Трансформация бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты ойларымен бөлісті.

«Қоржындық компаниялардың басшыларымен кездесу барысында, және осы іс-шараға қатысып отырған жас қызметкерлерді тыңдаған кезде мен шынымен де өзгерістердің түбегейлі екеніне көз жеткіземін. Бұл жай ғана ұрандар мен кестелер емес, бұл нағыз дүниелерді жүзеге асырудың шежіресі», - деп «Самұрық-Қазына» АҚ тәуелсіз директоры - Директорлар кеңесінің мүшесі барон Оливье Дэкамп ой түйіндеді. 




барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz