Баспасөз хабарламалары

03 сәуір 2017
33

«Самұрық-Қазына» Қоры Тәртіп кодексін қабылдады

«Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан былай — Қор) Директорлар кеңесі отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ Тәртіп кодексі қабылданып, ол ескірген Іскерлік этика кодексін алмастырды.  Тәртіп кодексі барлығын қамтыған құжат болып табылады және этикалық нормалармен бірге қызметкерлердің тәртібі мен міндеттері стандарттарын, жауаптар мен сұрақтар, түсіндірмелерді жинақтаған. Құжат комплеанс тәуекелдерді ішкі бақылау негізінде және ЭЫДҰ-ның парақорлықпен және жемқорлықпен күрес қағидаларына сәйкес дайындалған. 

Бұдан өзге, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі ерікті ақпарат берудің жаңа саясатын қабылдады, бұл құжат та ЭЫДҰ-ның парақорлықпен және жемқорлықпен күрес қағидаларына сәйкестендірілген.  Аталған саясат жаңа Тәртіп кодексімен үйлеседі және Кодексті, парақорлық пен коррупцияға қарсы заң бұзушылықтардың барлығынан хабардар етіп отыруға шақырады. Жаңартылған саясат кез-келген құқық бұзушылық туралы жасырын түрде хабардар етуге мүмкіндік береді және қызметкерлерді ғана емес, жанама тұлғаларды да қамтиды, сондай-ақ, хабардар еткен тұлғаның  қудаланбауына, оның құқы мен мүдделерінің қорғалуына кепілдік береді. 

— Қорда ерікті түрде ақпарат беру бұрыннан болған, алайда оны жаңартудың қажеттілігі туындап отыр, — деп атап өтті Құқықтық қолдау мен тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор — Басқарма мүшесі Ғани Битенов. — Жаңа құжат заң бұзушылықтар туралы ақпарат беру жүйесін бұрынғыдан да сенімді, жан-жақты етеді, тұлғалардың қорғалуын күшейтіп, заң бұзушылықтарды сапалы түрде тексеруге мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ, Директорлар кеңесі отырысында Нұрлан Ерімбетовті «Самұрық-Қазына» АҚ Омбудсмені етіп тағайындау туралы шешім шығарылды, Қор мен Қорға кіретін ұйымдардағы Омбудсмен туралы ереже бекітілді.

Жүктеу2.42 Мб
«Самұрық-Қазына» АҚ Тәртіп Кодексі


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz