Баспасөз хабарламалары

04 желтоқсан 2016
13

«Самұрық-Қазына» АҚ жаңа тұлғалары: Қанағат Бәкетай

Мен Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласында дүниеге келдім. Қарағанды қаласында жоғары білім алып, ары қарай ақпараттық технология  мамандығы бойынша Малайзияның Куалалумпур қаласына магистратураға түстім. 

Ондағы оқу бағдарламасын еш қиындықсыз меңгеріп алғандықтан ба, шетелге алғаш оқуға келгенімде алдыңғы оқуымнан еш өзгешелік болмас деген ойда болдым. Бірақ бұған дейінгі бар жинап-білгенімді  ары қарай жүзеге асыруға келгенде  қиындықтар туындады. Осылай қиналып жүрген сәтімде  бір профессор маған адамдар тума талант болуы мүмкін, бірақ ынта-жігері болмаса бәрі бекер екенін, мені таңғы 6-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейтін кітапханадан көрмей жүргенін айтып ескертті. Білімнің қайнар көзі – кітапханада. Алғашқы қадамды кітап оқудан  бастау керектігін айтты. 


Осы сөздер санамды оятып, өзгеруге бел будым. Бұдан былай уақытымның көбін кітапханада өткізетін болдым.  Тек ағылшын тіліндегі кітаптарға ден қойдым. Кітап оқу арқылы ғана кәсіби шеберлікке жетуге болады деуден аулақпын. Бірақ тың идеялардың тууына негіз болары рас. Бұл идеялардың басшылықтың көңілінен шығуы  осының дәлелі. Қазіргі уақытта 2-3 бастама қаралып, қабылданды. Ендігі кезекте  оларды іске асырудамыз. Елге оралып, осында келгенімде көз алдымда бір үлкен министрлік емес, күн сайын игі істер жасап жатқан  адамдар тұрды. Ал, игі істерді олар ең алдымен өздерінен бастаған.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz