Баспасөз хабарламалары

23 ақпан 2017
38

Жаңа индустрияларды дамыту туралы ақпараттық сессия

«Самұрық-Қазына» АҚ БАҚ өкілдерімен ақпараттық сессиялар түрінде кездесулер өткізбек. Олардың шеңберінде қор өкілдері тілшілерге белгілі бір тақырып бойынша толық ақпарат беруді көздейді. 23 ақпан күнгі кездесу жаңа индустрияларды дамыту мәселесіне арналды. Алдағы уақытта HR, активтерді жекешелендіру, трансформация бағдарламасының аралық нәтижелері туралы ақпарат тарату көзделген. 

«2020 жылға қарай «Самұрық-Қазына» АҚ қоржынындағы өсуші компаниялар активтерінің үлесі 5-тен 11 пайызға дейін өсуі тиіс. Қазіргі таңда қоржынымыз даму сатысындағы 6 компанияны қамтиды («Біріккен химиялық компания» ЖШС, «Тау-Кен Самұрық» АҚ, «Qazaq Air» АҚ, «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС және «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ). Индустрияларды дамыту жөніндегі блоктың міндеті – оларды кемелдіктің қажетті деңгейіне жеткізіп, алдағы жекешелендіруге дайындау», - деп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ тең басқарушы директоры Ержан Тұтқышев тілшілермен басқосуда. 



«Біздің қоржынымызда құны 833,7 млрд теңгені құрайтын 12 жоба бар: 2 өндірістік, 4 өңдеуші, 6 геологиялық барлау», - деді «Тау-Кен Самұрық» Ақ басқарма төрағасы Мәжіт Тұрмағамбетов.  

Оның айтуынша, Қарағанды қаласындағы «Тау-Кен Темір» кремний зауыты 2016 жылы 19,5 мың тонна кремнийді шығарды. Өнім экспортқа жөнелтілді:  50% Солтүстік Америка нарығына,  40% – Еуропа елдеріне, 10% –Беларусь және Ресейге.

«Бүгінгі күні «Тау-Кен Алтын» аффинажды зауыты Ұлттық банкке әр құймасы 12 келіден 29 тонна алтынды сатты. Ал оған дейінгі жылы 12 тонна сатылған. Биыл Ұлттық банкке 15 тонна алтынды сату көзделуде», - деп қосты Мәжіт Тұрмағамбетов.  


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz