Баспасөз хабарламалары

22 ақпан 2017
14

Компанияның ішкі мүмкіндіктерін айқындау трансформацияның басты шарттарының бірі болып табылады

«Самұрық-Қазына» АҚ Трансформациялау бағдарламасын іске асыру барысында, 2015 жылғы желтоқсан айынан бері, холдингтің қоржын компаниялары айналысындағы қаражатты пайдалану тиімділігін арттыру жұмысы жүргізіліп келеді.

Тауар-материалдық құндылықтардың (ТМҚ) босатылуы бойынша жобаны енгізу кезінде ұлттық компаниялар кәсіпорындарында капиталды жобалар аяқталғанан кейін қор қалдығы, сондай-ақ, қоймаларда өндірісте пайдаланылмаған артық қалдықтар қалатыны анықтады.

«Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация мен арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директор А.Илькявичюстің айтуынша, аталған жобаны «Самұрық-Энерго» АҚ бірінші болып жүзеге асырды. «Самұрық-Энерго» АҚ қойма қалдықтарына талдау жасағанымызда, ондағы табыс әкелетін қордың өзі 1 млрд. теңгені құрайтынын көрсетті. Компания қоймаларында ТМҚ жиналып қалуы жобаларды басқару үдерісінің жетілмеуі басты себеп болып отыр», - деді А.Илькявичюс. Алайда, А.Илькявичус мәлімдегендей, нақты нәтиже алдын ала есептегеннен де асып түскен.  «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 10 еншілес ұйымында көлемі 7,5 млрд теңге болатын ТМҚ қалдықтары анықталды.  

 «Жобаны іске асыру кезінде анықталған ТМҚ-ға ірі инвестициялық жобалар үшін алынған, бірақ жұмысқа пайдаланылмаған қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, құрал-жабдықтар жатады. Активтерді сату кезінде кәсіпорын қармағына берілген ТМҚ-ларды да осы санатқа жатқызуға болады», - деді «Самұрық-Энерго» АҚ генерация және отын департаментінің директоры Бағлан Исенов. Компания басшылығының ақпарына сәйкес, анықталған ТМҚ-ның 95%-дан астамы холдинг ұйымдарының 2017-2018 жылдардағы капиталды жобалары мен операциялық қызметіне жұмсалады, қалғанын үшінші жақ жүзеге асырады, өтімсіз құндылықтар жойылуға жатады.

Қаражатты қорда бос қалдырмауға және қоймаларды оңтайландыруға бағытталған тауар-материалдық құндылықтардың босатылуы бойынша жобалар «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ мен «Қазатомпром» ҰАК» АҚ-да іске асырылды. «Самұрық-Қазына» АҚ қоржын компанияларында қолға алынған ТМҚ-ны автоматты есепке қою мен бөлінісін бақылау олардың тиімді жоспарлануына, қор мен материалдарды тиімді пайдалануына мүмкіндік береді.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz