Баспасөз хабарламалары

10 қазан 2014
26

«Самұрық-Қазына» қоры жұмысын жандандырмақ

«Самұрық-Қазына» қоры - бүгінде еліміздегі ең ірі жұмыс беруші. Активі 100 млрд долларды бүтіндейді. Құрамында өнідіріс, тасымал, коммуникация, қызмет көрсету секілді қоғамның барлық саласын қамтитын 600-ден астам компания бар. Форум алды Президентке солардың дамуы баяндалды.

Әрине, тізім басында «ҚазМұнайГаз», ҚТЖ, «Эйр Астана» секілді компаниялар. Соңғысы айтпақшы, Президенттің тікелей бастамасымен құрылған. Құрылғанына 10 жыл толмаса да, бүгінде әуе компания ішкі-сыртқы рейстерін көбейтіп, паркін жаңа ұшақтармен толықтыруда. 



Сырттан тәжірибелі маман тартып, табысты компания құруға болатынының бір көрінісі – «Эйр Астана». Бірнеше жыл бұрын мүлде болмаған әуе тасымалдаушысы қазір қауіпсіздік, қызмет және көлемі жағынан Азиядағы алыптардың көшінде. Мақсат – «Самұрық-Қазына» қорына кіретін барлық компаниялардың деңгейін осылай көтеру. Сол үшін де Ричард Гарри Эванс секілді үздік менеджерлер қор құрамына кіретін компанияларға басшылық қызметке келді. Нуриэль Рубини бастаған бүгінгі күннің ойшылдары ортаға тартылды. Солардың кеңесімен, әлемдік үздік тәжірибе ескеріле отырып, аз уақыттың ішінде «ҚазМұнайГаз», «Қазпошта», ҚТЖ компанияларына арналған трансформация бағдарламасы түзілді.

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы:

— Елбасы тапсырмасы бойынша әлемдік деңгейдегі мамандарды жұмысқа тарттық. Пилоттық режимде трансформация бағдарламасын «ҚазМұнайГаз», «Қазпошта» және ҚТЖ-да жүзеге асыра бастадық. Компанияларда кадрлік және қаржылық жүйелеу жұмыстарын жүргіздік. Топ менеджерлердің кеңесімен қаржылық жүйені, электронды сатып алуларды бірыңғайландыру арқылы операциялық шығындарды 128 млрд теңгеге азайттық.
 
Трансформация бағдарламасы «Қазақстан-2050» стратегиясындағы міндеттерді орындау мақсатында қолға алынып отыр. Стратегиялық құжатта еңбек өнімділігін 3,5-нан 6,5 пайызға, ІЖӨ-дегі сыртқы инвестицияның үлесін қазіргі 22 ден 30 пайызға дейін өсіру көзделген. Ал негізгі кірісті әкелетін мемлекеттік өндірістік компаниялардың түгелі осы Самұрық-Қазына қорының құрамында. Демек, құжаттағы мақсаттарға жету үшін қордың қызметін ширату шарт.

Доминик Бартон, McKinsey&Company Басқарушы директоры:

— Қор құрамындағы компаниялар қолға алған бағдарламалардың 70 пайызы ойлағандай нәтиже бермеген. Сондықтан, әлемнің 14 елінен келген тәжрибелі мамандар зерттей келе, қордың және оған еншілес компаниялардың жұмысын нарық сұранысына ыңғайлай отырып, бағдаралама құрдық. Онда әлемнің ең озық 500 компаниясының тәжірибелері ескерілген.

Жалпы трансформация бағдарламасының негізгі үш міндеті бар. Олар –компанияның өзіндік құнын арттыру, басқару, яғни менеджментті жақсарту, үшіншісі компанияның Үкіметпен қарым-қатынасын ретке келтіру. Және, әрине, базасын жаңа технологиялармен жаңғырту. Дәл осындай әдістерді пайдалана отырып табысын еселеген компаниялар бар. Мәселен,  Сингапурлық Темасек компаниясы 2004 жылдан бері капиталын 3 есе арттырып, 54-тен 176 млрд. долларға дейін жеткізді. Ал, Малайзиялық Казанах дәл осынша уақытта кірісін 9-дан 31 млрд. долларға дейін өсірді. Біріккен Араб Әмірліктерінің Мубадалаы бас-аяғы 5 жылда табысын 13-тен 37 млрд долларға дейін арттырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ал алдағы 5 жылда, Қор құрамына кіретін кемінде үш компания «Форшен-500» тізіміне, яғни табыс көлемі мен қаржы есептілігінің ашықтығы бойынша алдыңғы 500-діктің құрамына кіруі тиіс. Президент бұл үшін бізде оқып-тоқыған білімді кадрлар да,  қаражат та жеткілікті деді. Тек, талпыныс қажет.

Тағы бір міндет – қор құрамындағы компаниялардың өндірісін арттыру, инвестиция тартуда белсенді болу. Сол арқылы компанияның құнын арттыру. Мемлекет басшысы: «Алдағы 5 жылда Қордың активтері 2 есе қымбаттауы керек», - деді.

Мұндай межені орындаудың мүмкін екенін трансформация саласының білгірі Ицхак Адизес те қуаттайды. Ғалым Қазақастанда бұл үшін барлық ресуртар бар деген пайымда. «Болашақ» бағдараламасымен жаңаша оқыған жастар, елдің географиялық орналасуы, қала берді шикізаттық әлеует те жеткілікті.

Ицхак Адизес, Адизес институтының директоры:

— Ресейде, Беларуссияда трансформация бағдарламасы бойынша көптеген жобаларды жүзеге асырдық. Ортақ кемшіліктері бар. Көбісі кеңестік әдіске иек артады. «Самұрық-Қазына» бағдарламаны орындау барысында нарықтағы сұраныспен санасуы керек.

  Елбасының әу бастағы талабы осы. Заманауи әдістерді үйрену, өнідіріске озық технологияларды енгізу. Бұлай етпегендер көш соңында қалады. Президент Қор құрамындағы «Қазпочта», «Кегок», «Самұрық-Энерго» секілді компанияларды атап, олардың әлеуетін толық пайдалана алмай жатқанын айтты. «ҚазАтомПром», ҚТЖ секілді компаниялардың керісінше аяқалысы қуантады. Бұл компанияларға енді әлемдік бренд болуға талпыну шарт.

Өнімділікті арттыру үшін ғылымға иек арту да маңызды. Компанияның шығынын азайту үшін компаниялар тобында зерттеу жүргізу қажет. Елбасы: «Қордың бұл жұмыстарға бөлетін қаржысын алдағы уақыт он есеге дейін арттыру керек», — деді. Бағдарламаға қатысатын қарапайым халық санын арттыру міндеті тағы бар. Бұл үшін Халықтық IPO бағдаларамасын  жалғастыру маңызды. Ал толықтай бағдарламаның орындалуын Мемлекет басшысы жеке бақылауына алады.





Тілші: Бауыржан Бақытбекұлы. Техникалық топ: Айдос Меделбек, Хасен Омарқұлов, Алмас Омарғалиев


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail:

e-mail:

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10


e-mail: