Баспасөз хабарламалары

20 қазан 2016
16

«Самұрық-Қазына» АҚ жаңа тұлғалары: Жанболат Кәкішев

Бұл шығарылымда Жаңа бастамалар жөніндегі департамент директоры Жанболат Кәкішев елге жақсы білім мен мол тәжірибе жинап қайту үшін 10 жылдан астам  шетелде тұрып келгені туралы айтады


 Жанболат Кәкішев, Самұрық-Қазына» АҚ бастамалар іздеу жөніндегі департамент директоры


- Мен Атырау қаласындағы ағылшын тілі мен математика пәндерін тереңдетіп оқытатын мектепте білім алдым. Сәті түсіп, жасөспірім кезімде оқу бағдарламасы бойынша Америкаға кеттім. Содан кейін King's College London-да бакалавр және Америкада МВА дәрежелерін алдым.

Хьюстондағы Exxon Mobil компаниясында инженер-технолог болып жұмыс істеп, мұнай-газ саласындағы жобалардың жоспарлануынан іске асырылуына дейінгі кезеңдерін өз көзіммен көрдім. Эксонда қызмет еткен 2,5 жылда 3 жобаны іске асырдым. Олардың екеуі Мексика шығанағы, біреуі Ирактағы жоба еді. Жалпы 10 жыл шетелде тұрып келдім

Адам әрқашан алдына мақсат қояды. Мен Қазақстанға қайтып оралып, осында жұмыс істеймін деген ойдан тайған емеспін. Көкейімде тек бір күдік болды: білімім мен тәжірибемді толық пайдаланатындай жұмыс табыла ма екен?  Шетелде қызмет еткенде Қазақстанға қажет болады-ау деген идеялар мен бастамаларды жинаумен болдым.

Ең бастысы, процесстердің өзгеріп жатқанына куәмін. Игі істі бастау үшін әрдайым ізденісте болу керек.





барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz