Баспасөз хабарламалары

20 ақпан 2015
24

«Самұрық-Қазына» АҚ экономикалық ахуал қиындаған жағдайда активтерді сату мерзімдеріне өзгеріс енгізуі мүмкін

2015 жылғы 20 ақпанда, Алматы қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ «Жекешелендірудің екінші толқыны: Бағдарламаның алғашқы нәтижелері мен оның жаңа экономикалық жағдайлардағы келешегі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Шараға Қаржы министрлігі, Қазақстан қор биржасы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясының басшылығы, Парламент депутаттары мен тәуелсіз сарапшылар қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2014 жылы басталған Жекешелендіру бағдарламасының алғашқы нәтижелерін пысықтап, оның бұдан әрі табысты іске асырылуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутованың мәліметі бойынша 2014 жылы жоспарланған 64 активтің 59-ы сатуға шығарылған, 5 активті жекешелендіру мерзімі 2016 жылға шегерілген.  

Қазіргі уақытта 24 компания 24 млрд. теңгеге сатылған, бұл бағалау құнынан әлдеқайда жоғары. «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында «KEGOC» АҚ қор нарығына шығарылды.

2015 жылы Қор тобының 17 активін, соның ішінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Тегіс Мұнай» ЖШС және т.б. ірі компанияларды сатуға шығару жоспарланып отыр.

Е.Бахмутова Қордың жекешелендіру кезінде экономикалық мақсатқа сәйкестігіне баса назар аударатынын айтты, сатылмаған компаниялардың тағдыры да осы қағидаға сәйкес шешілетін болады.

«Сатылмаған активтерді пайдаланудың бірнеше сценарийі бар. Ішкі және сыртқы экономикалық ахуал қиындаған жағдайда Қор активтерді сату мерзімін өзгертіп немесе кейінге шегеретін болады. Бұл жерде бірегей акционер ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүдделері сақталатын болады», - деді ол.

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай ҚР Үкіметі «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, Жекешелендірудің 2014-2016 жылдардағы кешенді жсопарын жасағаны белгілі. 2014 және 2020 жылдар аралығында Қордың 106 нысаны мен активтерін жекешелендіру жоспарланған. Бағдарламаны жүзеге асыру мемлекеттің экономикаға қатысын азайтып,  жеке сектордың үлесін көбейту арқылы экономиканың іргесін мейлінше нығайтуды көздейді.

Қосымша ақпаратты  мына телефон арқылы + 7 (7172) 55 22 66 call-орталыққа хабарласып немесе privatization.sk.kz сайтынан білуге болады.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz