Баспасөз хабарламалары

06 наурыз 2015
6

«Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы қор компаниялар тобының қызметкерлеріне құрмет грамоталарын тапсырды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының өндірістегі әйел еңбеккерлер қажырлы еңбегі, кәсібилігі мен жұмыстағы жоғары табыстары үшін марапатталды.

«Вокзал-сервис» АҚ Астана вокзалы Солтүстік өңірлік филиалының анықтама беру бойынша кезекшісі Әсия Әубәкірова, Астана қаласындағы «Транстелеком» АҚ МТС филилалының цех бастығы Гулнара Ахметова, «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ басқарушы директоры Ботагөз Әшірбекова, «Павлодар мұнай өңдеу зауыты» ЖШС басқарушы директоры Алтын Имантаева, «Теңізшевройл» ЖШС орталық зауыт лабораториясының бастығы Қамажай Нұраева, «МАЭК-Қазатомпром» химиялық су тазарту электростанциясының аппарат жұмысшысы Хадиша Нұғыманова, «УМЗ» АҚ уран өндірісі бөлімінің инженер-технологы Ольга Полозова, «Қазпошта» АҚ Шалқар пошта байланысы бөлімінің бастығы Бақыт Смаилова, «Қазпошта» АҚ Шығыс Қазақстан облысы пошта тасымалдау бөлімі бастығының орынбасары Дария Мусульманова, «KEGOC» АҚ «Батыс МЭС» филиалының жетекші маманы Татьяна Ли, «Сокол» Рудный өңірлік электр желілерінің бас диспетчері Алла Куимова, «Богатырь Көмір» ЖШС техникалық дирекциясының бөлім бастығы Айман Кокенова, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ цехының инженері Тамара Распаева, «Біріккен химия компаиясы» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Татьяна Крылова, «Қазатомпром күкірт қышқылды зауыт біріккен кәсіпорны» ЖШС зауыт лабораториясының бастығы Наталья Удилова, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бақылаушысы  Сауле Бердағұлова, «Тыныс» АҚ инженер-технологы Татьяна Чистякова, Астана қаласы бойыншаАқпараттық жүйелер дирекциясының IT жетекші инженері Нағима Қайсенова, «Тау-Кен Самұрық» АҚ бас менеджері Клара Арзықұлова, «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ техникалық бақылау және мониторинг департаментінің менеджері Валентина Яркова, «Эйр Астана» АҚ бизнес-әріптесі Айгуль Ташбаева, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС басқарушы директоры Қалия Салимбаева, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас менеджері Нағима Құдайберген, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова, «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және жоспарлау департаментінің директоры Мәрзия Боранғалиева, «Самұрық-Қазына» АҚ мұнай-газ және индустриалды активтер дирекциясының бас сарапшысы Айзада Аққайсиева марапатқа ие болды.

«Мемлекет басшысының саясатының арқасында елімізде әйел адамдарға ер адамдар мен тең құқық пен мүмкіндіктер берілген. Біздің аруларымыз еркін де білімді, білікті. Мемлекет өмірінің барлық салаларында табысты еңбек етіп жатыр. Олардың өз мүмкіндіктерін пайдалануға барлық жағдай жасалған. Бұл біздің де мақтанышымызды тудырады. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында 100 мыңнан астам әйел адамдар қызмет етеді. Олардың 7 мыңнан астамы басшылық қызметтерде. Бұл гендерлік теңдіктің айқын көрсеткіші» - деді қор басшысы Өмірзақ Шөкеев, салтанатты жиында.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы мұнай мен көлік саласында, атом өнеркәсібі мен телекоммуникациялық салаларда жетекші орында. Сол саладағы алдыңғы қатардан біз әрдайым аруларымызды көреміз. Олар біздің ең үздік қызметкерлеріміз. Бүгін біз бас кеңседе холдингтің барлық өңірлердегі озық қызметкерлерін шақырып отырмыз. Солар арқылы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы аруларымызға алғыс білдіріп, 8 наурыз мерекесімен құттықтағымыз келеді», - деді Ө.Шөкеев.

Ондай-ақ, Қор басшысы әйел адамдардың бизнесті трансформациялау ісіндегі белсенді қызметтеріне алғыс білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz