Баспасөз хабарламалары

17 наурыз 2015
14

Астанада өткен кеңейтілген кеңесте «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ қызметінің негізгі көрсеткіштері талқыланды

«Самұрық –Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ө.Шөкеев пен «Қазақстан Темір Жол» ҰК» АҚ президенті А. Мәминнің қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ қызметінің негізгі көрсеткіштері (ҚНК) талқыланды.

Бизнесті трансформациялау барысында компанияның тиімділігін басқарудың жаңа тәсілі саналатын ҚНК талқылауға ұлттық тасымалдаушының орта буын мен топ менеждерлері және The Boston Consulting Group кеңесшілері қатысты.

Жиналғандар ұсынылған «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметінің негізгі көрсеткіштерін талқылап, жұмыс коэффициентін жасақтау, тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру (жолаушылар мен жүк жөнелтушілер, экспедиторлар), қозғалыс қызметі қауіпсіздігін жақсарту әдістеріне қатысты пікір алмасты.

НҚК сүйенген тиімділікті басқарудың жаңа жүйесі компанияның бар күшін ортақ мақсатқа жұмылдырады. Соның ішінде өндірістік тиімділікті барынша ұтымды пайдалану, өндірістік үдерістерді басқару, шығындарды азайту, тұтынушы тапсырысына бейімделуді көздейді.

 - Бизнесті трансформациялаудың негізгі тәсілдерінің бірі –KPI жүйесі арқылы тиімділікті басқаруға көшу. Топ-менеджменттің стратегиялық деңгейдегі коэффициенттері тізімін талқылап болған соң, барлық деңгейдегі қызмет көрсеткіштеріне ден қоямыз.. Түптеп келгенде бұл компания жұмысының нәтижесін жақсаруға жетелейді,- деді «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Президенті Асқар Мәмин.

Компанияның стратегиясын ескере отырып, әрбір қызметкердің нақты қол жеткізуге тиісті көрсеткіштері белгіленеді. Осы жеке көрсеткіштері мен «ҚТЖ»ҰК» АҚ жұмысының жалпы нәтижесіне сай, қызметкерді ынталандыру жолдары қарастырылады. - Трансформация бағдарламасын тиянақты жүзеге асырудың арқасында «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ әлемнің ең ірі компанияларының қатарына қосылады. Трансформация бұйрықпен басқарудан корпоративтік басқару жүйесіне көшуге жол ашады. Өз кезегінде қызметтің негізгі көрсеткіштерін белгілемей тұрып, корпоративтік басқаруға көшу мүмкін емес,- деді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ «Жалғыз акционерінің талабы мен бизнесті жүргізудің әлемдегі озық тәжірибелері үдесінен табылып, Қазақстанның жоғары тиімді транспорттық корпорациясына айналуы тиіс». ҚНК жүйесіне көшу мүдделі тараптардың бәріне тиімді. Біріншіден, тұтынушыға уақытылы әрі сапалы қызмет көрсетіледі. Екіншіден, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ қызметінің тиімділігін арттырып, басқару жүйесін жетілдіреді. Үшіншіден, акционер («Самұрық-Қазына» АҚ) ірі еншілес компаниясындағы активтерінің құнын артырады. Төртіншіден, мемлекет сапалы, қауіпсіз әрі уақытылы көрсетілетін көлік-логистикалық қызметтің арқасында экономикалық дамуға екпін қосады.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz