Баспасөз хабарламалары

15 маусым 2015
16

«Самұрық-Қазына» АҚ Еңбек әулеттері күнін атап өтті

Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ Еңбек әулеттері күнін атап өтті. Шараның мақсаты – еңбек әулеттері институтын дәріптеп, әлеуметтік тұрақтылық негізі ретінде ұрпақ сабақтастығын қолдау.

Шараға Қор мен еншілес компаниялардың топ-менеджерлері, кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен саналы ғұмырын саланы дамытуға сарп еткен теміржолшылар, мұнайшылар мен энергетиктер, инженерлер әулеттері шақырылған.

«Самұрық-Қазына» тобындағы компаниялардың ұжымдары мамырдың 15-і күні еңбек әулеттері күнін атап өтеді. Шара барысында Қордың жұртшылықпен байланыс жөніндегі Бас директоры Дархан Кәлетаев нақты осы еңбек әулеттері жастардың бойында еңбекке деген құрмет пен өз кәсібіне деген сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастырып, ата кәсіпке адалдықты дәріптейтінін атап айтты.

«Қазір компаниялар тобында кең көлемді трансформация бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Осы түбегейлі өзгерістердің түп бастауында сіздер, мерейлі еңбек әулеттері тұрарына сенімдімін. Өйткені өзгерістерге бейімделіп, жинақталған білім мен білікті жаңа тәжірибемен толықтыра түсу қабілеті саладағы ұрпақ сабақтастығын сақтауға септігін тигізді»,- деді Қордың жұртшылықпен байланыс жөніндегі Бас директоры Дархан Кәлетаев.

Одан соң еліміздің төрт тарабындағы Қордың еншілес компанияларында қызмет атқарып жүрген еңбек әулеттерінің өкілдері медаль, құрмет грамоталарымен марапатталды. Олардың қатарындағы абыройлы Асановтар отбасын ерекше атауға болады. Бұл әулеттен тараған 18 жан еліміздің әр тарабындағы темір жолда тер төгіп жүр. Олардың темір жол саласындағы жалпы еңбек өтілі - 390 жыл. Ата кәсіпке адал Бижановтар әулетінің кеніштегі жалпы еңбек өтілі - 163 жыл. Әулеттің негізін қалаған Әлім Бижанұлынан тараған үш буын «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында еңбек етеді. Бұл мұшайшылар отбасы кен орын барлаудан бастап, топырақты көмірсутегінен тазартуға дейінгі барлық күрделі жұмысты мінсіз атқарып жүр.

Шара барысында Қор компаниялары тобында жүргізілген әлеуметтік тұрақтылық индексі зерттеулерінің қорытындысы жарияланды. Әлеуметтік серіктестік орталығының мәліметінше көрсеткіш 70 % межесінде. Бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 12 пайызға жоғары. Биыл зерттеу 236 компанияны қамтып, олардағы 38 мың қызметкері сауалнамаға қатысты. Бұл Қор жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың тиімділігін айқындады,-деді әлеуметтік серіктестік орталығының сарапшылары.

Шара БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен халықаралық отбасы күніне орайластырылған, әрі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бағдарламалық мақаласында жүктелген тапсырмаларды іске асыруға бағытталған.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz