Баспасөз хабарламалары

11 маусым 2015
10

Forbes Kazakhstan сарапшылары «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация жайын талқылады

2015 жылдың 10 маусымында Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациясы» Қор қазақстандық Temasek бола ала ма?» тақырыбында Forbes Kazakhstan дөңгелек үстелі өтті.

Шарада қаржы және адами ресурстарды басқару, сондай-ақ Қордың инвестициялық қызметінің жаңа тәсілдемелері мәселелері қаралды. Қор басшысы Өмірзақ Шөкеев трансформация бағдарламасына қызметкерлердің, оның ішінде СЕО атсалысуы қажет екенін, онсыз табысқа жету мүмкін еместігін айтты.

«Трансформация кадрлық саясат саласында түбегейлі өзгерісті болжайды. Бұл ретте Қорда жаңа үміткерлерді іріктеудің қатаң жүйесі енгізіліп, «Самұрық-Қазына» АҚ ресми сайтында онлайн түрде ашық байқау өткізіледі. Бұдан өзге компаниялар тобында халықаралық озық тәжірибе негізінде лауазымдарды біріздендіру жұмыстары жүргізілуде», - деп атап айтты Ө. Шөкеев.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмұтова Қордың үш негізігі міндетін атады: активтер құнын арттыру, ел экономикасын әртараптандыруға атсалысу және әлеуметтік жауапкершілік.

Қордың қаржы директоры Нұрлан Рахметов McKinsey компаниясы бенчмаркинг өткізгенін айта келе, зерттеу нәтижесінде қаржылық есептіліктің айқындылығы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ әлемдік балама компаниялар, оның ішінде «Temasek» және «Khazanah»-тан көш ілгері екеніне тоқталды.

 Дөңгелек үстел барысында Қордың бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Берік Бейсенғалиев «Самұрық-Қазына» инвестициялық қоржыны 100 млрд АҚШ долларына бағаланған 150 жобадан тұратынын айтты. Оларды іске асырудың арқасында 90 мыңдай уақытша және 50 мың тұрақты жұмыс орындары ашылмақ.

Қордың трансформация жөніндегі жобалық офисі басшысы Лариса Зямзина «Самұрық-Қазына» АҚ бизнес-процестерін қайта қарап, нағыз стартегиялық холдинг әрі белсенді инвесторге айналатынын айтты. Қор инвестициялық блогын нығайтып, индустрия саласындағы мамандарды сондай-ақ, қаржы аналитиктерін көбірек тартпақ.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz