Баспасөз хабарламалары

08 шілде 2015
38

Астанада І халықаралық IT-форум өтті

Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен I халықаралық IT-форум өтті. Шара ақпараттық технологияларды енгізудің озық тәжірибесімен бөлісетін алаңға айналмақ. Биылғы жылғы форум тақырыбы «Ұйымдарды трансформациялаудағы IT рөлі» деп аталды. «Форум мақсаты «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасымен тікелей байланысты.

 Форумда мына сауалдар талқыланады: IT-маман қандай болуы керек? Технологиялар компанияға қандай пайда әкеледі? Бизнес сұранысқа қарай компаниядағы IT-архитектураны қалай жасауға болады? IT-ді корпоративтік басқару дегеніміз не? Осы сұрақтарға жауап алу үшін біз әлемдік, қазақстандық сарапшыларды шақырып отырмыз», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ ақпараттық технологиялар бөлігінің жетекшісі Давид Туганов.

Оның айтуынша, IT-жетекшінің басшылық қабілетіне жеке басымдық беріледі. «Егер ол, әсіресе, топ-менеджментпен барым-қатынаста, IT-ге өзгерістер керек екенін дәлелдей алмаса мұндай компанияда технологиялық секіріс болмайды. Сондықтан форумда жеке қарастыратын сала – жетекшілік және оның ұраны «Компанияны жаңарту үшін өзіңді жаңарт!» болмақ.

Өз кезегінде «Самұрық-Қазына» АҚ ақпараттық технологиялар жөніндегі бас директоры Ник Малоун Қорды Трансформациялау бағдарламасы кезіндегі IT-дің рөлі туралы жан-жақты хабардар етті. Форум жұмысына ITсаласындағы 200-ден астам маман қатысты. Соның ішінде Gartner (IT жөніндегі бас директор) зерттеулер тобының директоры Мэри Месалье, TerraLink Technologies компаниясының негізін қалаушы және басқарушы директоры Рон Левин, Jumpstone International e.U. компаниясының негізін қалаушы және директоры Мэт Гуивер өз тәжірибелерімен бөлісті.

 SAP, Software AG, Фирма 1С и Intarget Solutions өкілдері де өз ой-пікірлерін ортаға салды. Форум аясында инновация, сандық технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы жетекші компаниялардың көрмесі өткізілді. «IT-мен қамтылған үздік бизнес жоба» конкурсының қатысушылары марапатталды. Қатысушыларға ескерткіш сыйлықтар табыс етілсе, жеңімпаз 2015 жылғы 8-12 қарашада Барселонада өтетін Gartner Symposium/Itxpo шарасына жолдамаға ие болды.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz