Баспасөз хабарламалары

04 шілде 2015
32

«Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасын іске қосты

2015 жылғы 4 шілдеде Астана қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ Орталық трансформациялау командасы басшылығының қатысуымен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Трансформациялау бағдарламасын іске қосудың салтанатты рәсімі өтті.

 Бастапқы кеңес электр энергетикалық холдингінің еншілес және тәуелді кәсіпорындар ұжымымен телекөпір режимінде басталды. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев өзінің сөйлеген сөзінде трансформация «Самұрық-Энерго» АҚ үшін бизнес-үдерістердің тиімділігін жоғарылатуға және энергетикалық холдинг экономикасын жақсартуға бірегей мүмкіндік беретінін атап өтті.

Келешекте, портфельді компаниялардың сыртқы дауларға жауап қайтару қабілеті өзгерістердің қаншалықты сапалы және терең жүргізілгенін көрсетеді. «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қуаныш Бектеміров энергетикалық холдинг ауқымды өзгерістер үдерістеріне толық дайындықпен кірісетінін атап өтті, сондай-ақ компания менеджменті мен Трансформация командасына жұмысты уақытында орындап шығуларына және берілген жоғары қарқынға төтеп берулеріне тілектестік білдірді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, трансформация –компанияның стратегиялық мақсаттарына жетудің кешенді көпжақты үдерісі екеніне ерекше көніл аударды.

«Самұрық-Энерго» АҚ операциялық шығындарды төмендету және қоршаған ортаны қорғау бойынша жетекші болуға басымдық береді. Сондай-ақ, компания озық технологияларды ендіру арқылы көмір бизнесін әртараптандыруға бағытталған. Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында осындай шараларды жүргізу кезіндегі қызықты жаңалық «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Алматы қаласынан Екібастұз қаласына дейін, Шығыс Қазақстан шекарасынан Ақтөбе қаласына дейін елдің түрлі бөліктерінде орналасқан барлық еншілес компанияларымен бейнебайланысының тікелей берілуі болып табылады.

 Онлайн режимінде тікелей байланыста болған барлық еншілес ұйымдардың алдында Алмасадам Сәтқалиев «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Трансформациялау бағдарламасының ресми басталуын жариялады. Спикерлер бұған қосымша, уақыттың тығыздығына қарамастан, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Трансформация бағдарламасының барысы өте қатаң бақылауда болатынын атап өтті және Трансформация командасына үлкен жетістіктерге, қойылған жоспарларды нақты ұстану, жұмысты уақытында орындау мен берілген жоғары қарқынға төтеп берулеріне тілектестік білдірді.

«Самұрық-Қазына» АҚ ұлттық әл-ауқат қорының және - оның барлық портфельді компанияларының Бизнесті трансформациялау бағдарламасы Мемлекет басшысы Н.Н. Назарбаевтың қатысуымен 2014 жылғы қазан айында бастау алды.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz