Баспасөз хабарламалары

18 қыркүйек 2015
11

ШОБ және «ҚазМұнайГаз» әріптестігі қарқынды дамуда

Қазақстан үшін бірегей шағын және орта бизнеске басқаруға «ҚазМұнайГаз» АҚ ЖМҚС желілерін тапсыру бойынша әріптестік бағдарлама нақтылы түрде іске асуда. Бүгін Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Астана-Петропавл автожолының 97 км-де орналасқан № С-34 (Z-155) жанар-жағар май құю станциясын әріптестік бағдарлама қатысушысына салтанатты түрде тапсыру өтті.

«ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ (ҚМГ – ӨМ) Бас директоры (Басқарма төрағасы) Данияр Тиесов ЖМҚС символикалық кілтін жаңа басқарушы Руслан Шакировқа табыстады.  

«Бүгін әріптестік бағдарлама аясында осы жанар-жағар май құю станциясының символикалық кілтін табыстаймыз. Бұл «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» мемлекеттік бағдарламасында берілген шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру бойынша қадамдардың бірі, - деп атап өтті ҚМГ – ӨМ басшысы.

Жеке тұлғалардың басқаруына ЖМҚС тапсыру бағдарламасы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға көзделген, деп айтып өтті ол. Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» желісінің 143 ЖМҚС басқаруға тапсырылған және бұл басы ғана. Енді кәсіпкерлерде ұлттық брендпен компания әріптесі болудың тамаша мүмкіндігі туды. Бағдарлама талаптары барынша демократияшыл және ашық. Кәсіпкерлер жұмыс істеп тұрған ЖМҚС басқару мүмкіндігін алады, ал компания желіні дамытуға шоғырлана алады, деп санайды Тиесов.

 «Тағы бір маңызды кезең. Қоғам санасында компанияның, ЖЖМ нарығының жабық болуы туралы тұрақты таптаурын қалыптасты. Әріптестік бағдарлама «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының ашықтығы туралы көрнекі түрде дәлелдейді, - деп атап өтті ол. - Мемлекеттік компания ретінде тұтынушылар үшін де, жеткізушілер үшін де отын нарығында ойынның қисынды және айқын ережесін белгілеуге мүдделіміз. Біз басқа қатысушылар үшін бағдар болғымыз келеді және әріптестік бағдарлама осыған мүмкіндік туғызады.  

Жеке меншікке ЖМҚС желісін тапсыру бағдарламасы 2015 жылғы шілде айынан бастап қолданылады  және мұнай-газ активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған.  Бағдарлама «Самұрық-Қазына» компаниялар тобын трансформациялау аясында жүргізілуде және тәжірибеде оның негізгі мақсаттары – шығындарды оңтайландыру, шағын және орта бизнесті қолдау іске асырылуда.     

Бұл жобаны ірі компания шағын және орта бизнестің дамуына көмектесіп жатқан кезде мемлекеттік – жеке меншік әріптестіктің үлгісі деп атауға болады, - деп айтып өтті салтанат барысында  «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС (ҚМГӨ) Бас директоры (Басқарма төрағасы) Геннадий Морозов. – Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» компаниясының жеке бренді барынша демократияланды, өйткені кәсіпкерлер оның бір бөлігі болу мүмкіндігіне ие болды.

 ШОБ ынтымақтастық бағдарламасы «CODO»  - «Company Owned - Dealer Operated»,  «Компания иеленеді – дилер басқарады»  деп аталады. Ұқсас сызба бойынша АҚШ-да Exxon Mobil, Shell, Chevron, Еуропада - Лукойл, Ромпетрол, Ресейде - Лукойл, Shell компаниялары және басқалары жұмыс істейді.

«CODO» форматында ЖМҚС жекешелендірілмейді және ҚМГ жеке меншігінде қалады, олар үшін ҚМГӨ жалғыз мұнай өнімдерін жеткізуші болып қалады.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz