Баспасөз хабарламалары

21 қыркүйек 2015
30

Спартакиадада «Қазатомпром» ҰАК командасы жеңіске жетті

19-20 қыркүйек аралығында, Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының ІІІ Спартакиадасы өткен болатын.

Жарыс кезінде спорттың бес түрінен 72 жиынтық медаль сарапқа салынды: мини-футбол, волейбол, армрестлинг, үстел теннисі мен шахмат. Спартакиадада 19 компаниядан 287 қызметкер сайысқа түсті.

Спартакиада-2015 кезінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, бокстан Олимпиада чемпионы, «Astana Arlans» клубының бас менеджері Серік Сәпиев, «Астана» ФК ойыншылары, «Astana Pro Team» велокомандасының өкілдері, «Қазақстан барысы» чемпионы Бейбіт Ыстыбаев, Паразия ойындарының күміс жүлдегері Ардақ Отарбаев, жас гроссмейстер Жансая Әбдімәліктер құрметті қонақ болды.

«Спортты насихаттау халқымыздың денсаулығына жасалған инвестиция болып табылады. Біз де осындай салауатты өмір салтын насихаттайтын шаралардан тыс қалмаймыз. Жас ұрпаққа өз тәжірибеміз, іс-әрекетіміз арқылы үлгі-өнеге боламыз», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ Жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас директоры Дархан Кәлетаев.

Қазіргі кезде «Самұрық-Қазына» қоры Ұлттық Олимпиада, Паралимпиада комитеттеріне, Ұлттық спорт түрлері ассоциациясына, «Қазақстан барысы» турниріне, сондай-ақ бірқатар спорт федерацияларына демеушілік жасап келеді. Еліміздің үздік клубтарының басын қосқан «Астана» президенттік кәсіби спорт клубын құрып, қаржыландырып отыр.

Спартакиада-2015 нәтижелері:

1 жалпыкомандалық орын – «Қазатомпром» ҰАК» АҚ командасы;

2 жалпыкомандалық орын – «Самұрық-Энерго» АҚ командасы;

3 жалпыкомандалық орын – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ командасы.

III Спартакиада қатысушылары мен жүлдегерлеріне кубоктар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz