Баспасөз хабарламалары

28 қыркүйек 2015
21

Астанада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің отырысы өтті

2015 жылғы 28 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚХР халықаралық сауда бойынша көмек комитеті Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің инвестициялық форум түріндегі кезекті отырысын өткізді.

Шараға ҚХР халықаралық сауда бойынша көмек комитеті төрағасының орынбасары Лу Пенчи, ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі, «Бәйтерек» ҰБХ, «Deloitte» компаниясы және т.б. өкілдері қатысты. Шара барысында қазақстандық және қытайлық компаниялар мұнай, логистика, телекоммуникация, энергетика, жылжымайтын мүлік саласындағы жобаларымен таныстырды. Қазақстан жағынан «Қазахтелеком» АҚ, «Қазақстан мұнай және газ институты» АҚ, «ҚТЖ Экспресс» АҚ,  «Ақтау теңіз порты» ЕЭА, Қытай жағынан «Hareon Solar Science and Technology Co. Ltd» компаниясы, CMEC машина жасау және инжиниринг корпорациясы өкілдері болды.

Екі елдегі инвестициялық жобаларға әріптестер тарту мақсатында, Қазақстан мен Қытай іскер топтары арасында, B2B түрінде кездесулер өткізілді.

Форум қонақтары Қазақсанның инвестициялық әлеуетімен, соңғы кездегі шетелдік әріптестермен қарым-қатынас үрдістерімен танысты. Мәселен, 2014 жылғы маусым айында ҚР Президенті Н.Назарбаев, инвесторларды жан-жақты қолдауға жол ашатын, соның ішінде 10 жылға корпоративтік кіріс салығынан, жер салығынан, 8 жылға мүлік салығынан босатылуға мүмкіндік беретін, инвестициялық аужайды жетілдіретін заңға қол қойған еді. Қазақстанда 10 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді, онда қатысушыларға түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Индустриалды-инновациялық бағдарлама жалғасын табуда. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық қызу жүргізілуде және оның аумағында  «Астана халықаралық қаржы орталығы» арнайы қаржылық аймағы құрылатын болады.

Қытайдың бизнес-қауымдастығы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының стратегиялық әріптесі болып табылады. ҚХР Эксимбанкі Атырау мұнай өңдеу зауытындағы хош иісті көмірсутегін өндіру, мұнайды терең өңдеу кешендерін, газ-химиялық кешеннің бірінші фазасын  (полипропилен өндіру) несиелендіріп отыр. Ортақ бизнес-қоржында құны 41 млрд. доллар болатын 39 жоба бар. 


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz