Баспасөз хабарламалары

04 қараша 2015
35

Қазақстан-Британ Іскерлік Кеңесі аясында «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы жалпы сомасы $3 млрд. келісім шарттар жасасты

2015 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары аясында Қазақстан-Британ Іскерлік Кеңесінің (ҚБІК) құрылтайшылық отырысы өтті.

Отырысты ұйымдастырушылар – «Самұрық-Қазына» АҚ мен United Kingdom Trade & Investment. Шараға Ұлыбритания және Қазақстан компаниялары мен мемлекеттік мекемелерінің 200-ге тарта өкілі қатысты. Кеңес отырысы барысында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, Қордың трансформация және жекешелендіру бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы, алда болатын «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі аясындағы болашақтың қуаты тақырыптары терең талқыланған панельдік сессиялар өтті.

Отырыс қорытындысында Қордың еншілес ұйымдары бастаған қазақстандық компаниялар мұнай-газ, тау-кен, энергетика салаларындағы әріптестікті нығайтуды көздейтін бірқатар екі жақты келісім шарттар жасасты. Бұл уағдаластықтардың потенциалы $3 млрд. жуықтайды деп бағаланды.

Атап айтар болсақ, «Самұрық-Энерго» АҚ Шардара ГЭС-ін модернизациялауды қаржыландыру үшін Еуропа қайта құру және даму банкімен жалпы сомасы $51,4 млн., ал «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Жамбыл облысындағы «Бурное» күн электростанциясының қуатын 50 МВт-тан 100 МВт-қа дейін ұлғайту үшін United Green Group-пен жалпы сомасы  $105,5 млн. келісім шартқа қол қойды.

Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Қазақстан аумағындағы телімдердің геологиялық потенциалын зерттеу үшін жергілікті Vitol компаниялары тобымен тиісті келісімдерге келді.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен Shell компаниялары арасындағы келісімге сәйкес британ компаниясы көрменің Жаһандық серіктесі болады. Бұдан бөлек, «Интергазстрой» АҚ мен  William Hare Limited Қарашығанақ кеніші маңына өндірістік класстер қалыптастыру туралы уағдаласты.

«Біз мұнда британ бизнесі өкілдерімен өзара тиімді әріптестік мәселелерін талқылап, Қазақстан экономикасына инвестициялар құю мүмкіндіктері туралы айтуға жиналдық. Мен Қазақстан-Британ Іскерлік Кеңесі жақын болашақта, тек екі жақты тиімді келісім шарттар жасасатын алаң ғана емес, тәжірибе, білім мен идеялар алмасатын орынға айналарына сенімдімін»,- деді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев ҚБІК отырысындағы алғы сөзінде.

«Біз бүгін Қазақстан мен Ұлыбританияның көп жылғы сенімді серіктестігі ғана емес, өзара тиімді әріптестіктің жаңа тарауын ашып отырмыз. Сондықтан мен серіктестіктің серпінді жаңа кезеңінің басталуын асыға күтемін»,- деп атап айтты ол.

Анықтама:

UK Trade & Investment – Британ Үкіметінің инвестициялар тартып, отандық бизнесті халықаралық нарықтарға ілгерілету үшін құрылған департаменті.

ҚБІК Қазақстан мен Британия арасында экономиканың түрлі салаларында әріптестікті дамытып, іскерлік қарым-қатынасты дамыту үшін құрылған. Оны құру туралы келісім шартқа «Самұрық-Қазына» АҚ мен UK Trade and Investment 2015 жылдың ақпан айында ҚР Премьер-Министра К.Қ. Мәсімовтің Ұлыбританияға жасаған сапары аясында қол қойған болатын.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz