Баспасөз хабарламалары

03 желтоқсан 2015
31

«Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері «Самұрық-Қазына» Қоры сатып алуларының тендерлік комиссия құрамына байқаушы ретінде қатысады

Бұл жайында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Самұрық-Қазына» АҚ Кәсіпкерлікті дамыту және отандық кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсету бойынша өзара келісімге қол қоюы барысында мәлімделді.

Аталған құжатқа «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев және «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев қол қойды.

Келісім аясында отандық тауар өндірушілермен  жасасатын ұзақ мерзімді шарттарға мониторинг және қорытынды жасау жөніндегі салалық жұмыс топтарын құру жоспарланған. Жұмыс топтарының құрамына «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері байқаушы ретінде қатысып, Қордың сатып алулар жөніндегі нормативтік актілерін әзірлеу мен жетілдіру жұмыстарына қатысуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары 2014-2022 жылдарға арналған Жұмыс жасап отырған өнеркәсіптерді модернизациялау және жаңа өнеркәсіптерді  құру бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы жобаларды қарастыру мен бағалау жөніндегі комиссия құрамына енетін болады.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев іс-шарада сөйлеген сөзінде  қазіргі экономикалық жағдайларда мемлекеттік, оның ішінде ұлттық компаниялардың сатып алуларын қосқанда, барлық сатып алулар жүйесі шұғыл түрде жаңартуды және жүйелі әдіс-тәсілдерді қарастыруды қажет ететінін атап өтті.

«Бизнесті қаржыландыруға арналған қаражаттар  ашықтық және тиімділік принциптеріне сүйене отырып жүргізілуі тиіс деп ойлаймын. Аталып отырған келісім аясында «Самұрық-Қазына» Қорының сатып алулар жүйесі отандық тауар өндіруші компаниялар мен жеткізушілерге қолжетімді болуы керек. Ұлттық палатаның өкілдері  елдің барлық өңірлерінде комиссия құрамында болып, тендерлердің барынша айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз етуі шарт. Жалпы бизнес үшін оңай болмай отырған мезгілде  ұзақ мерзімді шарттар ең қажетті шара», - деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Осы жылдың қыркүйек айында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамында ДСҰ нормалары және ЕАЭО туралы шарт талаптарына сәйкес әзірленген, сатып алулардың жаңа тұжырымдама жобасының презентациясы ұсынылған болатын. Аталған жоба компания топтары бойынша жылына 380 млрд теңге көлемінде үнемдеуге бағытталған. Сондай-ақ  халықаралық компаниялардың әртүрлі деңгейде біркелкі тауарлардың сатып алу процесін санаттау және орталықтандыру, білікті  іріктеу инструменттерін енгізуді қарастырады.

«Қордың тарапынан қазақстандық мазмұнға ерекше назар аудара отырып, сатып алулар жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру бойынша жоспарлы түрде жұмыс жіргізілуде. Ұзақ мерзімді шарттар – бәсекелестіктің артуы жағдайында отандық кәсіпкерлерді қолдау бойынша қолданып отырған шаралардың бірі. Қазіргі уақытта Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп  өндірушілердің деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргіземіз. Жергілікті тауар өндірушілер мен жеткізушілерден сапалы тауарлар және қызметтер алу қазақстандықтар үшін өте маңызды»,- деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

Бірлесіп жүргізілетін жұмыс үш негізгі бағытта жүзеге асырылмақ: отандық тауар өндірушілер арасында ұзақ мерзімді шарттар жасасу; жоспарланған және жүргізіліп отырған сатып алулар, сондай-ақ жергілікті мазмұн үлесі және тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бағасының мониторингінің ашықтығын қамтамасыз ету.

Аталған жұмыстың нәтижесінде қалыптасып отырған экономикалық жағдайда отандық кәсіпкерлердің ұзақ мерзімді келісімшарттарды алуы мүмкіндігін арттыруға, сондай-ақ Қазақстанның  Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі аясында отандық кәсіпкерлердің бәсекелестікке қабілетті болуына жағдай жасайды. 


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz