Баспасөз хабарламалары

15 сәуір 2016
23

2017 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауыты мен Шардара гидроэнергетикалық станциясын жаңарту жұмыстары аяқталады

Шымкент мұнай өңдеу зауыты (ШМӨЗ) мен Шардара гидроэнергетикалық станциясын (Шардара ГЭС-і) жаңарту жұмыстары 2017 жылы аяқталады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қор компаниялары тобының нысандарына жұмыс сапары барысында белгілі болды.

Бұл өңірде Қордың компаниялар тобы Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген екі бірдей жобаны жүзеге асырып жатыр. Олар – Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңарту («ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС, ПКОП), «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жобасы және Шардара гидроэлектростанциясын технологиялық жабдықтау, «Самұрық-Энерго» АҚ жобасы.

Қор компаниялары тобының тағы бір жобасын  – Шымкент қаласында көлік-логистикалық орталығы құрылысын салуды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қолға алып отыр.

Басқарма төрағасы ШМӨЗ-дегі құрылыс алаңдарында болып, жаңартылып, іске қосылған дизельді отынды гидротазалау және күкірт өндіру қондырғыларымен танысты. Жаңарту жұмыстары шығарылған өнім сапасын экологиялық тұрғыдан арттырып, К5 экологиялық сыныпты (Кеден одағы елдеріндегі Евро-5 тектес) жоғары октанды бензин өндіруді қамтамасыз етеді. ПКОП-ты жаңарту мен қайта құру 2017 жылдың соңында аяқталады, нәтижесінде мұнайды қайта өңдеу көлемі жылына 5 миллионнан 6 миллионға дейін артады. Қазақстандағы үш бірдей мұнай өңдеу зауыты жаңартылғаннан кейін, 2018 жылға қарай елдегі автокөліктер жанармаймен толықтай қамтамасыз етілетін болады.

Шарадара ГЭС-інің төрт гидроагрегатын жаңарту оның қуатын 26 %-ға күшейтеді, сондай-ақ станцияны пайдалану кезіндегі өнімділік пен қауіпсіздікті арттырады. Қазіргі кезде бірінші агрегат орнатылып, екіншісі жасақталып жатыр. Бұл жағдайда ГЭС-тің қызметі тоқтатылмайды, станция 50% қуатпен жұмыс істеп тұр. Барлық жұмыстарды 2017 жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Компания жетекшілері Қазақстанның оңтүстігін электроэгнергиямен қамтамасыз етудегі жобаның маңыздылығын атап өтті. Мұның бәрі Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы аясында жаңа технологиялар тартуға, электроэнергияның жаңғыртылған көздерін дамытуға септігін тигізеді.

Шымкенттегі жаңа көлік-логистикалық орталығы Шымкент халықаралық әуежайынан 2 шақырым, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік торабынан 4 шақырым және Трансазиялық темір жол торабынан 500 метр қашықтықта орналасқан. Оның жалпы аумағы 230 мың шаршы шақырымды құрайды. Жоба жеміс-көкөніс, ет пен бақша өнімдерінің эскспорттық тасымалын орталықтандыру үшін аса маңызды. Сондай-ақ, Көлік-логистикалық орталығы Қытай мен Ресейден оңтүстік өңірге келетін тауарларды теңдеп бөлу қызметімен айналысатын болады, мұның өзі тауардың тұтыну құнының біршама арзандауына оң әсер етпек. Қазіргі уақытта нысандағы жұмыстың көп бөлігі атқарылған.

Жергілікті басшылықпен өткен есепті жиында Өмірзақ Шөкеев жұмыстарды белгіленген кестеге сай орындау жауапкершілігі мен жобалардың Қазақстан экономикасын әртараптандырудағы маңызын ерекше атап өтті.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz