Баспасөз хабарламалары

29 қаңтар 2016
12

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының жаңа құрамы бекітілді

2016 жылдың 28 қаңтарында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Онда  ағымдағы бірқатар маңызды мәселелер, соның ішінде, компанияның Басқарма құрамы мен оның еншілес кәсіпорындарының директорлар кеңесінің құрамы да қаралды.

Трансформация бағдарламасы аясында 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап Қор қызметі жаңа басқару құрылымы мен штаттық кестеге көшірілді.

Осыған орай «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің шешімімен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төмендегідей жаңа құрамы бекітілді:

Шөкеев Өмірзақ Естайұлы  – басқарма төрағасы.

Балжит Каур Грюал Джасвант Сингх – стратегия және активтер портфельін басқару жөніндегі басқарушы директор. Азия Даму Банкі Ұлттық Қорының Даму бағдарламалары жөніндегі аға кеңесшісі, Kuwait Investment Authority & Kuwait Finance House басқарушы директоры, кейін келе вице-төрайымы, ABN AMRO Bank, Maybank Malaysia және Deutsche Bank вице-президенті қызметтерін абыроймен атқарған. Аталған банктер мен қаржылық компаниялар, ұлттық әл-ауқат қорларындағы жоғары басқарушылық халықаралық тәжірибесі 15 жыл;   

Бахмутова Елена Леонидовна – қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директор. Бұған дейін ол Қордың басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын. «Самұрық-Қазына» Қорына дейін ҚР Ұлттық банкі қаржылық қадағалау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігінің төрайымы қызметтерін атқарған;

Битенов Ғани – құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор.Халықаралық (Bracewell&Giuliani) және қазақстандық заңгерлік компанияларда 10 жылдан астам уақыт жетекші қызметтер атқарған. Еуропа қайта құру және даму банкі, MerrillLynchInternational, JPMorganChaseBankN.A. сынды әлемдік деңгейдегі ірі инвестициялық банктердің, Қазақстанның ірі екінші деңгейлі банктерінің, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, Қазақстан даму банкінің мүддесін қорғаған.

Бейсенғалиев Берік Тұрсынбекұлы – активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директор. Осыған дейін ол Қордың бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры болып еңбек етті. «Самұрық-Қазына» Қорына қызмет ауыстырғанға дейін ол «АТФБанк» АҚ басқарушы директоры - басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «Astana Capital Investment Group» инвестициялық компаниясының бас директоры, «КазАгро» холдингінің басқарма төрағасы қызметтерін атқарған;

Тәжібаев Ұлан Қалмұханұлы – адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды. Бұған дейін Қордың аппарат басшысы болып еңбек еткен. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ(Халықаралық қатынастар мен құқық) түлегі, MBA Instituto de Empresa (Испания) Executive мәртебесін алған.

Сонымен қатар директорлар Кеңесі «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма мүшесі Б.Т. Бейсенғалиевтің «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ директорлары кеңесіне мүше етіп сайлауға рұқсат берді.

Естеріңізде болса, «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасы аясында Қор қызметін жаңа ұйымдастырушылық құрылымға көшіретінін 2015 жылдың желтоқсан айында хабарлаған болатын. Жаңа құрылым Қордағы бизнес-процестердің тиімділігін терең саралай отырып, әрі әлемдегі жетекші ұлтттық әл-ауқат қорлары мен тура инвестициялық қорлардың озық тәжірибелерін ескере отырып түзілген.

Жаңа ұйымдастырушылық құрылымда Басқарма төрағасының орынбасары лауазымдары қысқартылып, басқарушы директорлар саны екі есеге азайтылған.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz