Баспасөз хабарламалары

13 мамыр 2016
9

«Самұрық-Қазына» компаниялары тобы еңбек әулеттерінің өкілдеріне құрмет көрсетті

2016 жылдың 13 мамырында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының Еңбек әулеттері күні өтті. Дәстүрге сай, бұл іс-шара Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылды.

Бүгін салтанатты жиынға Қор компанияларының 9 еңбек әулеті қатысты. Олардың кейбірінің шоғырланған еңбек өтілі 560 жылдан асады. Тұңғыш рет Қор еңбек әулеттерінің өкілдеріне 2013 жылы құрмет көрсеткен. Ендігі кезекте осы бастаманы бірқатар компаниялар тобының еңбек ұжымдары қолдап отыр.

Іс-шара ұрпақтар сабақтастығы мен әлеуметтік тұрақтылықты қоғамдық ынталандырудың тиімді құралы ретінде еңбек әулеттері институтын көпшілікке таратуға және қолдауға бағытталған.

Салтанатты «Самұрық-Қазына» АҚ еңбек әулеті» медальдерін табыстау рәсіміне Қор компаниялары тобының басшылығы және еңбек әулеттерінің өкілдері қатысты.

«Еңбек әулеттерін марапаттау еңбек ұжымдарында бірлік пен оңтайлы қарым-қатынастарды қалыптастырудың, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту мен әлеуметтік әріптестікті дамытудың басты факторы болып келеді», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев өз сөзінде. Оның айтуынша, қызметкерлердің бейілділігін күшейту жолындағы қадамдар тек бір компания қызметінің тиімділігін арттыруға септігін тиігізіп қана қоймай, жалпы бүкіл Қазақстанның өркендеуіне игі әсер етеді.

Еңбек әулеттерінің өкілдері өз кезектерінде осындай әлеуметтік маңызы зор іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Қор басшыларына алғыс білдірді. «Барлығымыз да халық игілігі үшін еңбек еттік, еңбек ете береміз де, ұрпағымызды өсіріп, оларды ұлағатты жолға бағыттаймыз. Демек, еліміздің отансүйгіш азаматтарының жаңа буынын қалыптастыруға өз үлесімізді қосуға қуаныштымыз», - деді династия өкілі, теміржолшы Тоқтар Қырбаев.
Іс-шара шеңберінде еңбек әулеттерінің өкілдері сонымен қатар Еңбек әулеттері саяжолында көшеттерді отырғызып, Астана қаласы бойынша экскурсияға қатысты.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail:

e-mail:

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10


e-mail: