Баспасөз хабарламалары

25 мамыр 2016
27

Астана Экономикалық Форумында «Самұрық-Қазына» қорындағы трансформация туралы кітап жарыққа шықты

«Самұрық-Қазына» АҚ Қор мен оның қоржындық компанияларындағы трансформация туралы «Samruk-Kazyna 2020» кітабын басып шығарды. Басылымда Трансформация бағдарламасы жайлы өзекті ақпарат пен бағдарламаның нәтижесінде түсетін пайда туралы болжамдық мәліметтер жарияланған.  

«Самұрық-Қазына» АҚ-дағы Трансформация бағдарламасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша 2014 жылдың қазан айында басталды. Бағдарламаның қалай іске асырылып жатқаны, қандай нәтижелерге қол жеткізілгені және Қор қызметінде түбегейлі өзгерістер не үшін қажет болғаны жайлы сұрақтар ақпарат құралдарында жиі көтеріледі.

«Біз барлық туындаған сұрақтарға жауап беруге тырысамыз. Бірақ трансформация — көптеген бағыттардан тұратын күрделі үрдіс. Сондықтан, осындай кітап шығару қажеттілігі туындады. Осы кітапта «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациясы туралы барлық өзекті деректер жинақталған және жұртшылықтың, БАҚ және сарапшылардың негізгі сұрақтарына  жауап берілген», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев кітаптың тұсаукесерінде.

Басқарма төрағасының айтуынша, шетелдік егемен қорлардың тәжірибесі көрсеткендей, трансформацияны тәмамдау үшін кемінде он жыл уақыт керек, алайда «Самұрық-Қазына»  Қорының жаңа концепциясының кейбір элементтері қазірдің өзінде іске асырылып жатыр. Бұған қоса, Қазақстан экономикасының күре тамырына айналған Қордың еншілес компанияларында трансформациялау жоспарлары әзірленді.   

Жаңа кітап Қордың трансформациясы туралы, оның ішінде, Бағдарламаның алғышарттары, іске асыру жоспарлары, түпкі мақсаттары мен ағымдағы мәртебесі туралы айтылатын ақпараттың өзекті дереккөзіне айналмақ. Бұдан басқа, басылым трансформациялау шеңберіндегі қоржындық компаниялардағы ахуалға назар аударып отыр.

Кітап үш тілде — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылды және кең оқырман аудиториясына арналған.



барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail:

e-mail:

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10


e-mail: