Баспасөз хабарламалары

29 маусым 2016
41

Жобалық басқару – ұлттық компаниялардың кемелдігін арттыруға қажетті құзырет

28 маусым күні «Самұрық-Қазына» АҚ қоржындық компаниялары арасында I PMO (Project Management Office) Форумы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қордың  Трансформация жөніндегі орталық командасы.  

Басты мақсат – Қордың қоржындық компанияларына жобалық басқару мүмкіндіктерінің шеңберін толығымен пайдалануға көмектесу. Бұл өз кезегінде еңбектің тиімділігі мен өнімділігін айтарлықтай арттыруға, және трансформация жобаларын жүзеге асырудан түсетін пайданың өсуіне септігін тигізбек.

Қордың бизнесті трансформациялау және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры Адамас Илькявичюс Форумның ашылуында атап өткендей, жобалық басқару алдағы уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бизнесін жүргізудің негізгі құралына айналады. «Қордың болашақ қызметі – негізінен жобалық. Кез келген бизнес нысаны, электр стансасынан бастап бұрғылау қондырғысына дейін – бұл жоба, және РМО дамыту бұл ретте үлкен мәнге ие», - деп мәлімдеді ол.

Форум қатысушылары алдында сонымен қатар McKinsey компаниясының Шығыс Еуропа аймағындағы операциялық тәжірибе көшбасшысы Йохен Бербнер және Ernst & Young стратегия және бизнес трансформациясы тобының директоры Глеб Химичев баяндама жасап, жетекші әлемдік компанияларда жобалық басқаруды пайдалану тәжірибесі туралы сөз қозғады.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz