Баспасөз хабарламалары

13 шілде 2016
30

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану

Жаһандық деңгейде жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) деген қызығушылық энергияға сұраныстың артуына, қазба отынының барланған қорларының азаюына, импортталатын шикізатқа тәуелділікті азайтуға үкіметтердің ұмтылысына, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік проблемаларына байланысты ұлғаюда. 138 астам ел ЖЭК ұлттық деңгейде дамытуды мақсат ретінде айқындады.

2015 жылы ЖЭК әлемдік қуаты (су электр энергиясын қоса алғанда) 1 849 ГВт жетті, оның 57.5%-ы – су энергиясының қуаты. Өткен жылы тағы да 147 ГВт жуық қуат қосылды, бұл тарихта бұрын-соңды болған ең көп жыл сайынғы өсім. Қазба отындарына әлемдік бағаның құлдырауына, қазба отынға субсидиялардың бөлінуіне және жаңартылатын энергия өндіруге өсіп отырған үлестік қатысу интеграциясын қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздерін  өндірумен байланысты басқа да проблемаларға қарамастан, саяси бағыт және кедергілер мен қаржылық шектеулерді реттейтін саяси тұрақсыздықтың артуы байқалды.

Дереккөзі: Bloomberg New Energy Finance, Renewables Global Status Report 2016

Жаңартылатын энергия өндіруге арналған технологиялар мен инфрақұрылымды тұрақты жақсартудың, сондай-ақ энергия берудің неғұрлым тиімді тәсілдерін жасау нәтижесінде, ЖЭК жиынтық қуаты (су электр энергиясын қоспағанда) 2020 жылға қарай 1 194 ГВт дейін екі есе  және 2030 жылға қарай 3 400 ГВт дейін 5 есе ұлғаяды деп күтілуде. Бұдан басқа, энергияның басты жаңартылатын көздері (су электр энергиясын  алғандағы энергияның барлық жаңартылатын көздерінің 87%-ы) жердегі жел энергиясы және фото электр энергиясы (PV) болады. Шоғырландырылған күн энергиясы, биоэнергия, геотермальдық энергия және басқа көздерінің ЖЭК басқа да түрлері даму және/немесе коммерцияландырудың ерте сатысында тұр. Келесі 10 жылда әлемдік энергетикалық секторға олардың әсер етуінің айтарлықтай ұлғаюы күтілмейді.

ЖЭК қуаттары бойынша топ 5 ел  

Қуаттар
    

1
    

2
    

3
    

4
    

5

ЖЭК (су электр энергиясын қоса алғанда)
    

Қытай
    

АҚШ
    

Бразилия
    

Германия
    

Канада

Геотермальдық энергия
    

АҚШ
    

Филиппин
    

Индонезия
    

Мексика
    

Жаңа Зеландия

Су электр энергиясы
    

Қытай
    

Бразилия
    

АҚШ
    

Канада
    

Ресей

Шоғырландырылған күн энергиясы
    

Испания
    

АҚШ
    

Үндістан
    

Марокко
    

Оңтүстік Африка

Фотоэлектрлік
    

Қытай
    

Германия
    

Жапония
    

АҚШ
    

Италия

Жел
    

Қытай
    

АҚШ
    

Германия
    

Үндістан
    

Испания

Дереккөзі: Renewables Global Status Report 2016

Қазақстанның электр энергетикасы қуаттың жоғары шоғырлануымен сипатталып отыр: барлық өндірілген электр энергиясының 90%-ы жылу және газ-турбиналық электр станцияларында (көмір, газ) және 8,4%-ы – гидроэлектростанцияларында өндірілді. Қазақстан электр энергиясы тұрғысынан алғанда дербес, ал импорты азын-аулақ. Қазақстанның оңтүстік және батыс облыстары электр энергиясын импорттайды, ал солтүстік облыстар оны Ресейге экспортқа шығарады (Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары).

Қазақстанда энергияның жаңартылатын көздерінің жалпы әлеуетті қуаты айтарлықтай және жылына 1 триллион кВт сағатқа артық өлшенеді, ол 91 миллиард кВт сағатпен электрге ағымдағы сұранысты 10 есеге арттырады.

Энергияның ең перспективалы жаңартылатын көздері:

- жел энергиясы – техникалық әлеуеті жылына 929 миллиард кВтсағ,

- су энергиясы – техникалық әлеуеті жылына  62 миллиард кВтсағ, шағын су электр станцияларының әлеуеті жылына 8,0 миллиард кВтсағ, және

- күн энергиясының әлеуеті жылына 2.5 миллиард кВт сағатқа бағаланды.

2016 жылғы бірінші тоқсандағы жағдай бойынша электр энергиясы өндірісінде ЖЭК (күн, жел, шағын су электр энергиясы) 0,8% құрайды, оның 58%-ы – бұл шағын су электр станциялары өндіретін энергия. Толық есептік қуаты 708 МВт болатын жаңартылатын энергияның жаңа объектілерін дамыту үшін енгізудің әртүрлі сатыларында 26 жоба бар (жел электр станциялары – жалпы қуаты 410,5 МВт болатын 9 жоба, су электр станциялары – жалпы қуаты 247 МВт болатын 15 жоба, күн электр станциялары - жалпы қуаты 50,5 МВт болатын 2 жоба). Квазимемлекеттік сектор барлық жобалау қуатының шамамен 19% (шамамен 132 МВт) құрайды.

Қазақстанда ЖЭК дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылдың аяғына қарай толық белгіленген қуаты 3 104,5 МВт болатын шамамен 106 ЖЭК объектісін пайдалануға енгізу жоспарланып отыр, ол елдегі жалпы қуаттың 12,7%-ын құрайды. Жоспарға сәйкес барлық жаңартылатын энергияның 60%-ы жел энергиясына келеді:

- 34 жел электр станциясы (1 787 МВт),

- 41 су электр станциясы (539 МВт),

- 28 күн электр станциясы (713,5 МВт) және

- 3 биоэнергетикалық қондырғы (65 МВт).
Осылайша, электр энергиясының салыстырмалы түрде төмен орташа құнына және қуат бірлігіне электр энергиясын көп өндіретін қабілетіне байланысты жел энергиясы жаңартылатын энергияны (су электр энергиясын қоспағанда) шығару үшін ең тиімді технология болып табылады. Су электр энергиясы дәстүрлі түрде энергия өндіретін тиімді технология ретінде қаралады. Алайда судың жетіспеу ықтималдығына алаңдаушылық бар. 2040 жылға қарай (12.2 текше км) Қазақстанда су ресурстарының біршама жетіспеушілігі пайда болуы мүмкін: тұтынудың 50%-ы. Энергетикалық жүйенің икемділігін арттыру арқылы әртүрлі жаңартылатын энергия көздерін біріктіруге жәрдем көрсету үшін тетіктер әзірлеу қажет: көп функционалдық электр станциялар, электр желілік инфрақұрылым және сұраныс жағына электр энергиясын сақтау технологиялары.




барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz