Баспасөз хабарламалары

27 шілде 2016
32

Шығыс Қазақстан облысындағы жоғарғы вольтты электр желісі құрылысының 1-ші кезеңі мерзімінен бұрын аяқталады

«Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев Шығыс Қазақстан облысында болып, Қордың еншілес компанияларының қатысуымен іске асырылып жатқан бірнеше жобамен танысты. Ол түске дейін «KEGOC» АҚ-ның Семей қаласында орналасқан өндірістік нысанында «Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік» жоғарғы вольтты желі құрылысына жұмылдырылған бас мердігерлер өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Жобаның қиындығына қарамастан «Екібастұз – Шүлбі ГЭС-і (Семей) – Өскемен» жоғары вольтты электр желісін тарту жөніндегі жобаның бірінші кезеңі мерзімінен бұрын аяқталады деп жоспарланған. Жоба 2017 жылы емес, биылғы жылы тәмамдалады.

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев хабарлағандай, компанияда әріптестермен бірге жұмыс кестелеріне, материалдар мен жабдықтар беру мерзімдеріне мұқият талдау жасалды және жобаның бірінші кезеңін іске асыруды жеделдету мүмкіндіктері қарастырылды. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын осы күзде аяқтау жоспарланып отыр. Екібастұз – Шүлбі ГЭС-і (Семей) – Өскемен желісінің жабдықтарын кешенді сынақтан өткізгеннен кейін пайдалануға енгізу жоспарлануда.

Бұл жоба желілердің өткізу қабілетін ұлғайтуға, Шығыс Қазақстан облысындағы электр энергиясы тапшылығын жоюға, және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Болашақта жаңа транзит Ертіс ГЭС каскадының толық қуатының берілуін қамтамасыз етеді. Жоғарғы вольтты электр желісі құрылысының бірінші кезеңінің құны 43,3 млрд теңге. Жобаны қаржыландыратын «KEGOC» АҚ.

Түстен кейін Өмірзақ Шөкеев Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша салынып жатқан объект – Есенберлин даңғылының бойындағы коммерциялық үй-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үйлер кешенінде болды.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры қаржыландыратын жобалардың әлеуметтік маңызы бар. Олар азаматтар үшін қол жетімді тұрғын үйлер салуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ тұтастай өңір әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

 «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басшысы Бауыржан Мамытәлиев баяндағандай, тұрғын үй кешенін ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға енгізуді жоспарланып отыр.  Жаңа объект – бұл 14 секциядан тұратын 9 қабатты ғимарат. Болашақ тұрғын үйдің жалпы ауданы 39,3 мың шаршы метрді (658 пәтер) құрайды, сондай-ақ 1,2 мың шаршы метр коммерциялық үй-жайлар салынатын болады. Құрылыс графикке сәйкес жүріп жатыр және талап етілетін стандарттарға сай.


Анықтама:

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыруға құрылған. Қор қызметінің негізгі мақсаты әлемдік нарықтарда олардың ұзақ мерзімді құндылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығындағы тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылады.

«KEGOC» АҚ – Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің жүйелік оператор функцияларын орындайды,  Ұлттық электр желісі (ҰЭЖ) активтерін иеленеді және басқарады. Қызметтің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның теңгерімінде ҰЭЖ құрайтын трансформаторының қуаты 36,2 ГВА белгіленген 77 электр кіші станциялары және шамамен ұзындығы 24,9 мың км кернеуі 35-1150 кВ электр беру желілері орналасқан. Компанияда 4,8 мыңнан астам адам жұмыс істейді.  

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 2009 жылы құрылды және Қазақстандағы мемлекеттік бағдарламалардың операторы және ірі девелопер болып табылады. 2016 жылдан бері Қор жеке құрылыс салушылардың қолдауы және коммерциялық тұрғын үйді салу бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруда. Бүгінгі таңда Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша 316 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді. Бұдан басқа, 2016 жылдың аяғына дейін Жылжымайтын мүлік қорының бағыты бойынша 90 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 1463 пәтер өткізілетін болады. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде 9 485 пәтер, солардың ішінде 80%-ын немесе 7 507 пәтерді – Жылжымайтын мүлік қоры, 1 978 пәтерді – құрылыс салушылар салатын болады.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz