Баспасөз хабарламалары

08 тамыз 2016
32

«Самұрық-Қазына» Қоры Атырау облысында газ-химия кешенінің құрылысына кірісті

Атырау облысына іс-сапар барысында «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Ұлттық индустриалдық мұнай-химия паркі» арнайы экономикалық аймағында («ҰИМП» АЭА) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты. Атап айтқанда, Қор басшысы «Polymer Production» ЖШС пайдалануға тапсырылған зауытын аралады.

Жоба полимерлік өнімнің келесі түрлерін өндіруді қарастырады: жылына 14 738 тонна биаксиалды бағытталған полипропилендік (ББПП) қабық, жылына 4 125 тонна полиэтилен қабығы және жылына 48 млн. дана полипропилен қабы. ББПП-қабығы  Қазақстанда алғаш рет өндірілген. Қабық ауыл шаруашылығында, құрылыс саласында, азық-түлік өндірісінде, бөлшек саудада қолданылады. Жобаның құны – 90 млн. АҚШ долларына жуық.

Халықтық қолданысқа арналған өндірістердің ауқымын кеңейтуде Атырау облысындағы біріктірілген газ-химия кешенінің құрылысы елеулі оқиға болмақ. Жоба Теңгіз кен орнындағы шикізатты терең өңдеуге бағытталған. Құны - 2,6 млрд. АҚШ доллары. Нәтижесінде Қазақстанда полипропилен өндіріледі. Бұл әмбебап материалды электротехника, машина құрастыру, өнеркәсіптік және коммерциялық құрылыс салаларында кеңінен қолдануға болады.

Аталған өндірістердің ауқымдылығы мен капитал сыйымдылығын ескере отырып, несиелік қаражатты тарту көзделуде. Бұл орайда тиісті инфрақұрылымның қамтамасыз етілуі шетелдік инвесторлар мен несие берушілер тарапынан басты талап болып табылады.

«ҰИМП» АЭА өндірістік инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында келесі нысандарды салу жоспарланған: қуаттылығы 310 МВт газ турбиналы электр стансасы; техникалық газдарды өндіру кешені; суды әзірлеу мен тазалау кешені.

Ал жалпы зауыттық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін кедендік тексеру аймағы бар бақылау-өткізу модулі, қатты тұрмыстық шығындардың полигоны, өрт сөндіру депосы, жөндеу-құрылыс цехі, сақтау қоймасы, алаң ішіндегі су, газ, электр, жылу желілері.

Инфрақұрылым нысандарының орталықтандырылған құрылысы және пайдаланылуы есебінен күрделі шығындарды өтеуге, модульдік құрылысты іске асыруға, мұнай-химия жобаларының тиімділігін көтеруге мүмкіндік туады.  

Қор басшысы сонымен қатар полиэтилен, бутадиен және синтетикалық каучук өндіруге бағытталған жобалардың алдағы даму жоспарларын талқылады. Барлық жобаларды «Біріккен химиялық компания» ЖШС жүзеге асырады. Атқарылған жұмыс арқасында елдің батысында құрылыс жүргізу кезінде 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылады, ал нысандар пайдалануға тапсырылғаннан кейін 2 мыңға жуық адам еңбекпен қамтылмақ.

Анықтама үшін:

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыруға құрылған. Қор қызметінің негізгі мақсаты әлемдік нарықтарда олардың ұзақ мерзімді құндылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығындағы тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылады.

«Біріккен химиялық компания» ЖШС «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» компанияларының құрамына кіреді және химия саласындағы Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның негізгі операторы болып табылады. Компания 11 инвестициялық жобаны іске асырады. Олардың арасында елдің химия өнеркәсібін дамытудың негізіне айналатын Қазақстан үшін мүлдем жаңа кәсіпорындар бар.

«Ұлттық индустриалдық мұнай-химия паркі» арнайы экономикалық аймағы мұнай-химия саласын дамыту және көмірсутегі шикізатын терең өңдейтін мұнай-химия өндірістерін құруға инвестияларды тарту мақсатында құрылған. АЭА 3,5 мың га жуық ауданды қамтиды. Мұнда полимерлік өнімді, полипропилен, полиэтилен, бутадиен және синтетикалық каучук өндірісін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды ұйымдастыру көзделген.  


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz