Баспасөз хабарламалары

08 тамыз 2016
20

ҚР Премьер-министрі және «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Атырауда қолжетімді баспана құрылысымен танысты

2016 жылғы 8 тамызда Атырау қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов және «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейін бағдарламасы бойынша салынып жатқан «Жерұйық» тұрғын кешенін қарап тексерді.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы атап өткендей,  аталмыш жобаның іске асырылуы Атырау қаласының 400 отбасын қолжетімді баспанамен қамтамасыз етеді.  Жалпы құны 3,4 астам млрд. теңгені құрайды, оның ішінен 75% «Самұрық-Қазына» қаржыландырады.  

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басшысы Бауржан Мамыталиевтың ақпараты бойынша «Жерұйық» тұрғын кешенін устіміздегі жылы пайдалануға берілуі жоспарлануда. Құрылыс тізбеден жылдам жүргізілуде және талап етілген стандарттарға сай.

Жаңа объект қаланың экологиялық жайлы аймағында орналасқан дамыған инфрақұрылымымен 25-пәтерлі  5- қабатты 16 - тұрғын үйлері.   Болашақ баспананың жалпы көлемі – 21 мың шаршы метр маңайында Тұрғын кешенінде түрлі көлемдер, жобалар және тұрақ орындары бар. Барлық қажетті коммуникациялары қарастырылған: орталық кәріздік жүйесі, орталық газмен жабдықтау, меншіктік электр қосалқы станцасы, телефондық және теледидарлық жүйелері, автономдық жылыту.

«Direct Construction Service» ЖШС тобының Директорлар кеңесінің төрағасы Даир Ержановтың баяндауы бойынша, құрылыс материалдары (темір бетонды бұйымдары) компанияның үй құрылыстық  комбинатында  жасалған. Бұл жобаның қазақстандық мәнін және жергілікті климат жағдайын қамтамасыз етеді. Үш қабатты темір бетон панельдерін қолдану энергияны пайдаланудың шығындарын 30-40% қысқартады.  Аталған құрылыс материалдары ғимаратты көтеру және жөндеуге шығындары жағынан өте пайдалы, қорытындысында сапалы баспана көтерілуде.

«Жерұйық» тұрғын кешені – өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Атырау қаласында қолжетімді баспана құрылысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ бірінші жобасы.  Аталған бағдарлама бойынша барлығы 2016-2018 жылдары 400 мыңдай шаршы метр Алматы, Астана, Қызылорда, Өскемен, Қарағанды, Шымкент, Ақтай, Атырау қалаларында іске асырылатын болады.

«Direct Construction Service» ЖШС - «Жеруйык» тұрғын кешені құрылысының бас мердігері, ТОО «ABE&K» - құрылыс салушы.

«Самұрық-Қазына»  ұлттық әл ауқат қоры» АҚ ұлттық экономикасының  бәсекелестігін және тұрақтылығын көтеру үшін құрылған. Ұлттық компанияларының және басқа заңды тұлғаларының  құқық меншігіндегі тиесілі акциялар пакетінің (қатысу үлесі) ұзақмерзімді құндылықтарын ұлғайту және әлемдік нарықтарында бәсекелестік қабілетін арттыру үшін басқару Қордың негізгі қызметі болып табылады.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 2009 жылы құрылған және Қазақстанда мемлекеттік бағдарламаларының ірі девелопері және операторы болып табылады. 2016 жылдан Қор жеке меншік құрылыс салушыларын және коммерциялық баспана құрылысын қолдау бойынша «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыруда.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz