Баспасөз хабарламалары

10 қаңтар 2017
26

Трансформация аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сатып алулардың санаттық басқару жүйесін енгізеді

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» - еліміздегі ең ірі сатып алушылардың бірі. Компанияға сатып алу қызметінің жаңа операциялық моделін енгізу ҚМГ активтерін шоғырландыруға және бизнес тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

«ҚазМұнайГаз» трансформация командасы «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп сатып алу саласында бірқатар жобаларды іске асыруда. Атап айтсақ, Қор стандартын басшылыққа ала отырып, сатып алу бойынша Салалық регламент әзірленді. Аталмыш құжат ҚМГ компаниялар тобында сатып алулардың санаттық басқару жүйесін енгізуге негіз болды», - деп мәлімдеді ұлттық мұнай-газ компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да сатып алуды санаттық басқару» атты конференцияда сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, сатып алу жүйесі трансформациясы нақты бизнес-бағыт ерекшеліктерін есепке ала отырып,  сатып алу  тәсілдемесін өзгертуге бағытталған. Енгізілетін өзгерістер сатып алу бағамын төмендетуге, сатып алынатын тауар, жұмыс және қызметтер сапасын арттыруға, жергілікті өндірушілерді қолдауға, қоймалардағы қалдықтар мен көлік шығындарын азайтуға ықпал етеді.

Қазақстандағы Ұлттық мұнай-газ компаниясының трансформациясы жөніндегі аға вице-президент - «ҚМГ Глобал Солюшнс Б.В.» бас директоры Глеб Люксембург атап айтқандай, «ҚазМұнайГаз» сатып алулары бойынша Салалық регламентте санаттық басқару, қажеттілікті жоспарлау, тікелей сатып алуларды өткізу және келісімшарттарды басқару процестері егжей-тегжей берілген. Жобаны іске асыруда «Шелл», «Бритиш Петролеум», «Эксон Мобил», «Талисман Энерджи» сияқты компаниялар мен қатар басқа да әлемге танымал корпорациялардың сатып алу жүйесіндегі жаңашыл өзгерістер жасау тәжірибесі басшылыққа алынған.

 «Санаттық басқарудың мәні - сатып алынатын тауарларды техникалық және өзге де ұқсастықтары бойынша біріктіру. Ал санаттық басқару дегеніміз қосымша құндылықтар іздеу, экономикалық тиімділікті арттыру, меншіктің жиынтық құнын және  жеткізілімнің барлық түрлері бойынша шығындарды азайту. Мысалға, «көлік қызметі» санатына– автокөлік, қосалқы бөлшектер сатып алудан бастап, жүргізушінің оқуы мен жанар-жағармай материалдары (ЖЖМ) – жалпы  тасымалға әсер ететін тауарлар мен қызметтердің барлық тізілімі жатқызылады.  Бұл ретте автокөлік құны мен түптің түбінде қымбатқа түсетін қосалқы бөлшектер шығынынан «көлік қызметі» барлық санатының құны маңыздырақ», - деп түсіндіреді Глеб Люксембург.

«Қор сатып алуларды санаттық басқару философиясын алға тартады. Бұл барлық сатып алу процестерінің ажырамас бөлшегіне айналмақ. Алдағы уақытта барлық ірі компаниялардың бүгінде кеңінен қолданыс тапқан  сатып алу ережелерін талдайтын жеке салалық регламенті болады. Аталмыш бағыттағы жұмыс топтың барлық аумағында жүргізілуде. Жеткізушілер «Қормен өзара іс-қимылды қалай жүзеге асырамыз», - деген сауалдарды жиі қояды. Әртекті екі не үш деп емес, тек  бір ғана жаңа механизм болатынын атап айту қажет», - деп сөзін толықтырды «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры Адамас Илькявичюс.




барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz