Баспасөз хабарламалары

10 қаңтар 2017
67

Қазпошта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап марка шығарды

«Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнайы шығарылған «Мәңгілік ел» маркасының пошталық айналымға енгізілгенін хабарлайды.

Пошталық маркаға мөр басу салтанатына «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында 25 жыл бойы қызмет атқарып, экономикалық маңызы бар салаларды дамытуға өз үлестерін қосқан қызметкерлер қатысты. Мөр басу рәсімін «Қазпошта» АҚ, «Казақтелеком» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Қазақстан Темiр Жолы» АҚ қызметкерлері өткізді.

«Бүгін біз телефондық байланыс, темір жол және атомдық энергетика салаларының қызметкерлерімен бірлесе Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай шығарылған пошталық марканы айналымға енгіздік. Мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарында өткен жолын біздің қызметкерлеріміз де өтті. Мөр басу рәсіміне қатысқандардың әрқайсысы өмірінің 25 жылын еліміздің өркендеуіне арнады» - деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Басқарушы Директоры, Егембердиева Сәуле.

Марканың басылымы төрт бояулы, офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі – 20 маркадан тұратын маркалы парақ. Парақтық өлшемі 168 х 200 мм, әрбір марканың өлшемі 28 х 40 мм. Пошталық марканың белгіленген бағасы 100 теңге. Таралымы 7500 дана. УФ – бояулы қорғанысы бар элементтер қолданған. Суретші Ксения Плужникова. Пошталық марка «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.

1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылдады. Сол күннен бастап өз конституциясы, валютасы мен ішкі және сыртқы саясаттағы даму бағыты бар егеменді мемлекеттің қалыптасуы басталды.

*****

«Қазпошта»  АҚ – пошталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасының ұлттық почта операторы. Дүниежүзілік пошта одағының мүшесі, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің принципті қатысушысы. «Самұрық-Қазына» АҚ компанияның жалғыз акционері болып табылады.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz