Баспасөз хабарламалары

29 қыркүйек 2016
22

Жаңашыл әрі дер кезінде жасалған қадам

Пошта байланысы ұлттық операторының трансформациясы «Самұрық-Қазына» даму стратегиясымен қатар ағымдағы нарықтық ахуалмен болжанған. Өзгеріссіз компания тағдыры бұлыңғыр. Ықылым заманнан «Қазпошта» - мерзімдік басылымдарды, сәлемдемелерді және зейнетақыны жеткізуші. Алайда оның бұрынғы клиенттерінде  (25 жыл бұрын бұл барлық елді мекендер болған) аталмыш қызметтерді алудың балама арналары пайда болды. Отандық жеткізуші нарықта 80-нен астам компания жұмыс жасауда. Ал зейнеткерлерді екінші деңгейлі банктер өздеріне тартуда. Бұл ретте компанияның ел ішінде қанатын кеңге жайған өзіндік логистикалық қуаты тиімсіз де шығыны да шаш етектен болатын.

Клиентке жақынырақ болу және оған жаңа қызметтерін ұсыну тәсілдемесі ұлттық пошта операторының басты стартегиялық міндеттерін, атап айтсақ бейінді бизнесті кеңейтуді, логистикалық қызметтерді нығайтуды және қаржылық қызметтерді дамытуды байланыстырады. «Қазпошта» АҚ шын мәнінде клиентке бағытталған бизнес ретінде ауылдық өңірлерде әлі күнге дейін қолжетімді оператордың бірі де бірегейі болғандықтан, бұл ретте  өз позициясын сақтап қалуы тиіс.

Бұрынғы клиентке - жаңа ұсыныс

 «Қазпошта» бизнес-процестері көп жылдар бойы қайта қаралмаған, сол себепті ұлттық компания трансформация нәтижелері бір қарағанда бірден көзге көрінерлік. Жеткізілімдер туралы белгілі мекенжай бойынша және нақты қай бөлімшеге келіп түскені туралы SMS-хабарламалар – компанияның жұмыс процестері реинжинирингісінің және осы бағыттағы технологиялық дүмпудің бірден бір мысалы.

Қызметті жеткізілім рәсімін жан-жақты талдап алып енгіздік. Пошташы бөлімшеде сәлемдемені ала салысымен ол жөнінде хабарлама толтырып, мекенжайы бойынша абоненттік жәшікке апарып салуы тиіс болатын. Ал бұл хабарламаны оқи ма, оқымай ма маңызды  емес еді. Кеңестік дәуірден қолданыс тауып келеген аталмыш рәсімді хабарламаны таратудың басқа да мүмкіндіктері бола тұра сол күйінде қалдырды. Енді өз ұялы телефон номерлерін көрсеткен «Қазпошта» клиенттерінің 90%-ы SMS-хабарлама алады. Ал үй телефон номерлерін бергендерге автоқоңырау шалу арқылы сәлемдеменің келгендігін хабарлайды. Егер де клиентке SMS жауабында қосымша төлем негізінде уйге жеткізіп беру қызметін таңдауды ұсынсақ онда аталмыш сервисті одан әрі дамытуға толық мүмкіндік барын, дәл қазіргі сәтте  «Қазпошта» бұл пайданы қолдан жіберіп отырғаны жайлы басқарма төрағасы Бағдат Мусин өз ойын білдірді.
 
Электрондық коммерцияның дамуы және интернет желісі арқылы тапсырыс берілген тауарлар денінің артуы – айқын тренд, және бұл бағыт жаңа «Қазпошта» үшін даму межесі ретінде таңдалды. Электрондық сауда нарығына арнайы өнімдерді әзірлеу аталмыш стратегия міндеттерінің бірі.

Нәтижесінде Vpost.kz жобасы әзірленіп, отандық сатып алушылардың америкалық интернет-дүкендерінде орын алған ұзақ жылдарға созылған мәселесін шешті. Бұл мәселе АҚШ-тың көптеген дүкендері тауарларын елімізге жеткізу қызметі жоқтығымен байланысты. Vpost.kz арқылы отандық интернет-пайдаланушылар АҚШ-та жеке виртуалды мекенжай алып, Штаттардан жіберілімдер алдымен осы адреске  жіберіліп, одан елімізге жөнелтіледі. «Қазпошта» өз кезегінде ел ішінде жіберілімдерді адресатқа бағыттайды. Жоба жарнамасыз, пилоттық режимде жұмыс істейді, алайда 2015 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың  қыркүйегі аралығында порталда 3 мыңнан астам пайдаланушы тіркеліп, оларға 20 млн теңгеден астам сомаға 600 сәлемдеме жеткізіліп, нәтижесінде «Қазпошта» кірісі 7 млн астам теңгені құрады.
 
Postmarket.kz жобасы көбіне ішкі нарыққа бағытталған. Яғни ауыл тұрғындарына өнімдерін өткізу нарығын тауып, компания түсімін арттыру мақсатында құрылған.
«Мақсатымыз  - Alibaba не Ozon тәрізді онлайн-сауда желілерінің орнын басу емес, - дейді Мусин мырза, - межеміз ауыл тұрғындарымен өндірілетін өнімдер себебі олар тауарларын қалай сату керектігін білмейді». Ағымдағы жылы Postmarket.kz арқылы 620 мың тауар жөнелтіліп, 10 мыңнан астам адам ай сайын жоба сайтын парақтады.

Ауыл тұрғындарына арналған қолма-қол ақшасыз жүйе

Пошта байланысы ұлттық операторы қызметінің ең алдымен ауылдық өңірлер үшін қажеттігі басым. Қазіргі уақытта жаңа қаржылық өнімдерді дамытуда клиенттік базаның аталған бөлігіне басты назар аударылуда. Оның айқын дәлелі -  «Salem, Mobile» қызметі. Ал бұл өз кезегінде Salem желілік қызметінің  бір түрі бола тұра, компьютер, интернет, тіпті смартфонның көмегінсіз ақша аударымдарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тек қана қолыңызда басу түймешегі бар қарапайым телефон болса болғаны. Клиент банк картасын Post.kz порталында тіркеу арқылы өз қаражатын басқара алады. Болашақта аталмыш қызмет ауылдарда қолма-қол ақшасыз төлемдерді барынша дамытуға мүмкіндік бермек. Тағы бір ұтымды жағы дүкенде сауда жасау кезінде  клиентке бұрынғыдай  пластикалық карта, ал сатушыға POS-терминал қажет болмайды. Тек сатушының «Қазпоштамен» келісімшарты болса болғаны. «Мақсатымыз ақша табу емес, ауылдық жерлерге барынша ақшаны азырақ жеткізу. Ауылдарға 1,2 триллион теңге –зейнетақы, мемлекеттік қызметкерлер жалақысы және т.б. жөнелтіледі, -дейді Бағдат Мусин. Олар «Қазпошта» ауыл тұрғындарына тәжірибе жүзінде ешбір комиссиясыз аталмыш құралды сынап көру мүмкіндігін бергеннен кейін мемлекет осы қолма-қол ақшасыз қарым-қатынасты одан әрі жетілдірмек.

Қаржылық қызметті дамыту – ұлттық байланыс операторының стратегиялық бағыттарының бірі бола тұра өз алдына бірнеше міндеттер қояды: тұрғындарға ыңғайлы ақша аударымдарын ұсыну, төлем қабылдау құнын азайту және қызмет көрсету ыңғайлығын арттыру. Есесінде 2016 жылдың 7 айында «Salem, Tenge» ақшалай қаражаттарды жылдам аудару ұлттық желісі арқылы қабылданған  аударымдар - 9,8 млрд теңгені, ал аударымдар саны - 305 құраған нәтижені берді. «Сенім» жаңа қызметі зейнеткерлерге коммуналдық қызметтерді комиссиясыз төлеуге, жеке шот ашқан жаңдайда тегін төлем картасын иеленіп, ол арқылы коммуналдық қызметтерді қосымша шығынсыз төлеуге мүмкіндік бермек. Айта кетерлігі, қазақстандық зейнеткерлердің 35% зейнетақаларын «Қазпоштадан» алады.

 «Қазпошта» клиенттер қорын пластикалық карталар пайдалануға жаппай көшіруді жалғастыруда, бұл ретте компания Қазкоммерцбанкпен ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойды. Бұл өз кезегінде клиенттеріне  банкоматтардың ірі желісін пайдалануға, ал зейнеткерлерге ҚКБ желісінде төлемдерді комиссиясыз жүзеге асыруға мұмкіндік бермек. Жүйе бойынша 2016 жылдың 7 айының көрсеткіші бойынша белсенді карталар саны -168 722, ал бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда  33,2% -ға артық.

Ұлттық оператор ауылды сервистермен жарақтандыруды өз алдына мақсат етіп алып, ауыл тұрғындарына қала халқымен бірдей дәрежеде агенттік қызмет көрсетуді көздейді. Қаржылық агенттік қызметтері – несиелер, депозиттер, темір жол және әуе билеттерін сату бойынша, жалпы агенттік қызметтерінің қай-қайсысы үшін бұрынғыдай аудан не болмаса облыс орталықтарына қатынаудың қажеті жоқ. Тек өз байланыс бөлімшеңізге кірсеңіз болғаны. Темір жол билеттерін сату бойынша агенттік қызметі алғашқы нәтижелерін берді: 2016 жылдың 7 айында 50-ден астам билет сатылды. Аталмыш сервис компанияның түсіміне айтарлықтай әсер етпесе де, әр сатылған билет үшін бонусқа ие болатын операторлар уәждемесіне ықпалы бар.

Тармақталған логистика компанияға қаладан ауылға  техника және азық-түлікті жеткізіп беру  жөніндегі қызметті іске қосуға ықпал етті. Клиент тауарларды қаладан ауылдарға тегін жеткізу қызметіне «Қазпошта»  арнайы каталогтары арқылы тапсырыс бере алады. Ал ауылдық жерлерге дәрі-дәрмектерді жеткізу аталмыш сервистің заңды жалғасы іспетті болар еді.

Алыс сапар

Ұлттық оператордың логистикалық схемасы – бұл 3,5 мың бөлімше мен 16 сұрыптау орталықтары. Пошталық-логистикалық желінің екі мыңнан астам көліктік маршруттары қашықтығы – 360 мың шақырым (салыстыру үшін: Жерден Айға дейінгі қашықтық – 384,4 мың шақырым). «Қазпоштаның» 2 мың көлігі, 37 жеке пошта вагондары осы бағытпен қозғалуда. Сондай-ақ, 70 маршрут бойынша әуе жеткізілімі де бар. Желіде 5,5 мың пошташы, 1000-нан астам сұрыптаушылар, 500 жүргізуші және 100-ден астам жолсерік жұмыс атқаруда.

Пошташылар да бүгінде көлік қызметін  пайдалана бастады – 763-і велосипедпен қамтылған, жыл соңына дейін велопарк тағы 365 велосипедпен толықпақ, оның ішінде үш доңғалақтысы да бар. Көлік паркі де жаңару үстінде, атап айтсақ, өткен жылы 350, биыл тағы 460 автокөлік берілді. Барлық көліктер GPS модульдерімен және газбаллондық қондырғымен жарақтандырылды.

Желі жаңғыртылуы көлік паркі жаңаруымен ғана шектелмек емес. «Қазпошта» логистика тұжырымдамасының өзін оңтайландырып, жақын арада бес магистарлды логистикалық оталықтар енгізу және республиканы аталмыш орталықтарға қызмет көрсету аймақтарына әкімшілік тұрғысынан емес, көліктік қолжетімділік қағидаты бойынша бөлу жоспарланған. Сұрыптау және жеткізу процестері автоматтандырылуда: сұрыптау машиналары мен «ақылды сөрелер» енгізіліп, постаматтар желісі кеңейтілуде. Қазірде олардың саны 105-ке жетті. Олар облыстық деңгейдегі барлық қалаларда орналасқан. Жыл соңына дейін жалпы саны 130-ға жетпек.

Пошта қызметкерлерінің көлікті пайдалану мүмкіндіктері биылдың өзінде артуы тиіс, атап айтсақ оларға велосипедтермен қоса 45 электроскутерлер, сондай-ақ, жыл соңына дейін барлық пошташыларға  жұмысын оңтайландыратын арнайы қосымашалы смартфондар берілмек. Осы қосымшалар арқасында қағазбастылықтан, яғни әр үйге қандай газеттерді апару керектігі жазылған журналдан арылу жоспарда бар.

Елдегі технологиялық арналар мен логистикалық қызметке деген сұраныстың артуы «Қазпоштаға» бизнесті әртарапатандырудың бұл түрін логистикалық нарыққа шығу жолы ретінде пайдалану мүмкіндігін бермек. Тармақталған желі есебінен компания электрондық коммерция кәсіпорындары үшін басты серіктес болуы да әбден мүмкін.

Пошташыға арналған инновация

20 млн астам жазбаша хат-хабар (хаттар мен шағын пакеттер) – қазіргі Қазпоштаның қызмет ауқымы осындай. Хаттардың басым бөлігі – заңды тұлғалармен хат алмасу және жеке тұлғаларға бағытталған мемлекеттік хабарламалар. Электрондық сауда белең алаған тұста шағын пакеттер мен сәлемдемелер көбіне Қытайдан келеді. Еліміздің қалалары арасында жеткізілімінің мерзімі 2-4 күн болса, облыстар арасында 3-5 күн және шағын елді мекендерге 5-9 күн кетеді.

Компания жеткізілім мерзімін қысқарту бағытында қарқынды жұмыс жасауда. Мемлекеттік хабарламаларды жеткізу мерзімін 10 күннен 1 күнге дейін қысқарту Гибридтік элктрондық пошта (ГЭП) арқылы жүзеге асты. Аталмыш қызмет шалғай және қатынауы қиын аудандарға хат-хабарларды электронды түрде жолдап, одан әрі сол жерде оларды басып шығаруды көздейді. 2017 жылдың 7 айы бойынша ГЭП көрсеткіші – 189 мың дана (2014 жылы іске қосылған сәттен бастап – 568 мың.).

Трансформация - адамдар, процестер және технологиялардың жетілдірілуі деп «Самұрық-Қазына» анықтама бергендей, «Қазпоштада» бизнес-процестер мен технологиялар бойынша мән-жай айқынырақ та, ал жаңа технологиялар мен ережелерге қызметкерлердің бейімделуі әлі де жалғасуда. Әзірге ұлттық байланыс операторы қызметкерлерінің жаппай қызмет сапасына жұмылғаны не жұмылмағаны жайлы айта алмайды, алайда Бағдат Мусин қызметкерлердің жалақысы клиенттер шағымдары мен сатуға тікелей байланысты болмақ дегенді алаға тартты. Жаңа мәдениетке қарағанда жаңа технологияларды игеру әлдеқайда тез және оңай. Қазпоштаға келгенде, бәрі уақыт еншісінде...



барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz