Баспасөз хабарламалары

26 қаңтар 2017
42

МТӨК жобасы шеңберінде теміржол қатынасы құрылысының бірінші кезеңі аяқталды

Ішкізауыттық кірме темір жолдарының 1332 метрі Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудың бір бөлігі болып табылатын Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы шеңберінде салынды. Жоба  зауытта алынатын және тұтынушыларға Теңдік станциясы арқылы жіберілетін, ішіндегі реагенттер, мұнай мен мұнай өнімдері бар вагон мен вагон-цистерналарды берудің схемасын Ақ Жайық станциясынан берілетін қолданыстағы схеманың орнына өзгертуді көздейді.

Осы жобалық шешімнің орындылығы жаңа схема Атырау МӨЗ-нің солтүстік жағында орналасқан Атыраудың қоныстану аумақтары шегінде вагондардың жіберілуін жоюға мүмкіндік беретінінде жатыр.  Өнеркәсіптік атты жаңа станциясы бар теміржол зауыттың оңтүстік жағынан өтеді, оның ұзындығы 13 шақырымды құрайды (АМӨЗ-ден Теңдік станциясына дейін).

Жобаның екінші кезеңінде зауытта теміржол қатынасының 681,6 метрін салу көзделген. Қазіргі уақытта құрылыс алаңына қажетті материалдар жеткізілуде.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz