Баспасөз хабарламалары

09 ақпан 2017
17

«ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» басшылығы үздік рационализаторларды марапаттады

«ҚазМұнайГаз-ӨМ» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының 2016 жылдағы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары жөніндегі кеңейтілген жиналысы шеңберінде Ақтау қаласында «Идеялар банкінің» рационализаторларын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Мұнай және газды өңдеу жөніндегі аға вице-президенті, «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Данияр Тиесов компаниялар тобына экономикалық тиімділік әкелетін ұсыныстар, идеялардың авторларына құрмет грамоталары мен ақшалай сертификаттарды салтанатты жағдайда табыстады.

Мысалы, Павлодар мұнай-химия зауытының рационализаторлары Ахметжан Парпиев, Марат Байтенов және Азат Сатыбалдин мұнайды терең өңдеу кешенінің 001 қондырғысынан гудрон шығару схемасын реконструкциялау бойынша ұсынған идеялары үшін бір миллион теңгеден астам сомасына ақшалай сертификат алды, бұны іске асыру кезінде ПМХЗ 2017 жылы 18 млн теңгеден артық қаражат үнемдейді.

Бұдан басқа, «АМӨЗ» ЖШС қызметкерлері Василий Гацко мен Асқар Сахауовқа сутек өндірісі қондырғысынан каталитикалық риформинг қондырғысының 200 секциясының D-221 катализаторды орнына келтіру камерасына сутекті беру идеялары үшін ақшалай сыйлық берілді. Жүлдегерлер арасында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС қызметкерлері де бар.

Жоба жетекшісі Арман Сәулебай атап өткендей, «Идеялар банкі» ниет білдіруші кез келген адамға «ҚазМұнайГаз-ӨМ» АҚ компаниялар тобының рационализаторлық қызметіне қатысуға және сол үшін тиісті сыйақы алуға мүмкіндік береді, ал топ қызметкерлері үшін басшылықпен диалог жүргізу үшін қосымша алаң ұсынып, қолданыстағы процестерді оңтайландыру бойынша өз идеяларын тікелей ұсынуға мүмкіндік туғызады.

Бұрын хабарланғандай, өткен жылы ҚазМұнайгаздың өңдеу және маркетинг бағытындағы компаниялары тобында инновациялық және рационализаторлық мәдениетті дамыту мақсатында «ҚазМұнайГаз-ӨМ» АҚ сайтында «Идеялар банкі» іске қосылды.

2016 жылғы 5 қазанда ҚР Әділет министрлігінен «Идеялар банкіне» айрықша мүлікті құқықтарды «ҚазМұнайГаз-ӨМ» АҚ-ға тіркеу туралы куәлік алынды.

Бүгінгі күні «Идеялар банкінде» 1200 пайдаланушы тіркелген, 130-дан астам өтінім келіп түсті, оның ішінен іске асыруға 34 рационализаторлық ұсыныс мақұлданды.

«ҚазМұнайГаз-ӨМ» АҚ ұжымы «Идеялар банкі» арқылы рационализаторлық қызметке белсенді қатысуға шақырады, өйткені қазіргі кезде рационализатор болу беделді ғана емес, сондай-ақ тиімді.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz