Баспасөз хабарламалары

23 қаңтар 2017
12

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі тұжырымдамасы сарапшыларға ұсынылды

«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС-ның бас директоры Давид Туганов 20 қаңтарда Астанада өткен Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі сараптамалық кеңестің барысында «Самұрық-Қазына»  АҚ (бұдан әрі –Қор) ақпараттық технологияларының (АТ)  дамуы туралы айтып берді. «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның басшысы Әсел Жиенбаеваның төрағалығымен өткен іс-шараға Қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығының, сондай-ақ ұлттық және шетелдік компанияларының өкілдері қатысты.

Ұсынылып отырған АТ-ны дамыту тұжырымдамасы Қор компаниялар тобының ұзақ мерзімді құнын арттыруға және ұлттық экономиканы әртараптандыру мен жаңғыртуына бағытталған стратегиялық мақсаттарды көздейді. Сондықтан IT-бағытының басты міндеті қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану есебінен қоржынды компаниялардың бизнес мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады.

«Соңғы 3 жыл ішінде Қор компанияларының тобында бірнеше бастамалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, бұл АТ-лар департаменттерінің құрылымының қайта қаралуы, қоржынды компанияларда CIO  (ағылш.тілінен: Chief Information Officer, АТ жөніндегі директор) институтының енгізілуі, деректерді басқару және кәсіпорын құрылымы жөніндегі кеңселердің құрылуы. Қазіргі таңда жалпы қызмет көрсету орталықтары, құзырет орталықтары мен АТ-ның киберқауіпсіздігі жөніндегі орталықтар ашылуда. Біз бизнес сұранысына ие  АТ-лар,  киберқауіпсіздік және деректерді басқару мамандарын өсіру мақсатымен техникалық жоғары оқу орындарымен белсенді өзара қарым-қатынасты жалғастырамыз», - деді Д. Туганов. Сондай-ақ, ол Қор компаниялар тобының кешенді кемелділігін арттыруға бағытталған «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ауқымды Трансформациялау бағдарламасы аясында қызметкерлер мен технологиялар дамытуына инвестициялау қажеттілігін, сонымен қатар - бағдарламалық қамтамасыз етудің  сапасына, сенімділігіне  және икемділігіне қойылатын талаптарды арттыру керектігін атап өтті.

«Тиімді ұлттық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар экожүйесі болмаса Қордың компаниялар тобында АТ-ның нәтижелі дамуы мүмкін емес, сондықтан біз «Зерде» холдингі, отандық және әлемдік өнім берушілер, университет өкілдері және бизнес-компаниялармен  ынтымақтастығымызды жалғастырамыз. Біз «Зерде» ұсынған өзара ынтымақтастық алаңына ризашылығымызды білдере отырып, еліміздегі IT-саласына қатысты мәселелерді ашық талқылауға дайынбыз», - деді Д.Туганов.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар келесі Сараптамалық кеңес отырыстарының бірінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу жаңа тәртібін, соның ішінде, бағдарламалық қамтамасыз ету мен АТ қызметтеріне қатысты мәселер  ұсыналады деп келісті.


барлық баспасөз хабарламалар


«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz

Тел.: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

Жаңалықтар мұрағаты


Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz