Қор туралы

Қор туралы

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы — жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын Қор.

Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды. Ол — Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету міндеті жүктелген инвестициялық холдинг.

Қазақстан экономикасында алатын орны

«Самұрық-Қазына» қорының миссиясы - Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету

Қорды құру мақсаттары

  1. Ұлттық экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға жәрдемдесу
  2. Ел экономикасын тұрақтандыруға қатысу
  3. Компания қызметінің тиімділігін арттыру

2008 жылы құрылғаннан кейін Қор дағдарыстан кейін Қазақстан экономикасын қалпына келтірудің катализаторларының бірі болды.
Осы жылдары ол бірнеше міндеттерді шешті:
Қордың міндеттері

  • Коммерциялық банктерді қайта капиталдандыру арқылы қаржы секторын тұрақтандыру
  • Қымбат ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру
  • Үлестік құрылыс нарығындағы мәселелерді шешу
  • ШОБ-қа кредит беру және стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына

мұнай-газ және көлік-логистикалық секторлар, химия және атом өнеркәсібі, тау-кен металлургия кешені, энергетика, машина жасау және жылжымайтын мүлік бойынша кәсіпорындары кіреді.

Қаржылық көрсеткіштер


Корпоративтік басқару

Директорлар кеңесі
Басқарма
Басшылық

Байланыстар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ » АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан қ. E10,
үй 17/10
Телефон: +7 (7172) 55-27-10, 55-26-94

e-mail: press@sk.kz